Алла елшісі (с.а.с) өлтіруге тиым салған 4 жәндік

Алла елшісі (с.а.с) өлтіруге тиым салған 4 жәндік

Шыбын-шіркей түрлі микробтарды таратушы. Сондықтан да, адам денсаулығына тигізер қауіптің алдын алу мақсатында оларды өлтіруге рұқсат етіледі. Әбу Дәуід және Имам Бухариде келген бір хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

 

 «Кімде кімнің сусынына шыбын түсіп кететін болса, онда оны батырып, кейін алып тастасын. Шындығында оның бір қанатында кесел, екінші қанатында оның емі бар».[1]

 

«Ғаунуль Маъбуд» атты еңбекте аталмыш хадиске түсінік беру барысында:

 

 «Бұл хадис шыбындардан келетін залалдың алдын алу мақсатында оларды өлтіруге болатындығына ашық дәлел»[2], &ndash дегенді айтып өтеді. Демек, үйдегі шыбыншіркейлерді өлтіруге шариғат рұқсат береді.

 

 Ал себептен-себепсіз құмырсқаның илеуін бұзып, құмырсқаны не араны өлтіруге Алла Елшісі(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  тыйым салған. Сахаба Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша, Ол(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) төрт жәндікті өлтіруге тыйым салған.

 

 Олар: құмырсқа, ара, көкек, тағанақ[3], [4].

 

Десе де, құмырсқа мен ара адамдарға жайсыздық туғызып жатса және келтірген қолайсыздығын тек өлтіру арқылы ғана жоюға болатын болса, онда оларды өлтіруге болады[5]. Мәселен, ара үйдің кіре берісіне ұя салып тастап, адамдардың үйге кіріпшығуы қиындап кетсе, яки үйдің іші құмырсқаға толып кетсе т.б.

 

 

 

 

Ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста