Ислам діні

Алматыда мешіттер мен шіркеулер, қонақ үй мен дәмханалар 18 мамырда ашылмайды - қала әкімдігі

  • Алматыда мешіттер мен шіркеулер, қонақ үй мен дәмханалар 18 мамырда ашылмайды - қала әкімдігі

    Алматыда мешіттер мен шіркеулер, қонақ үй мен дәмханалар 18 мамырда ашылмайды - қала әкімдігі

Алматы әкімдігі қаладағы қоғамдық тамақтану орындары, діни орталықтар мен қонақ үй кешендері әлі ашылмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу шаралары бірте-бірте қаланың эпидемиялогиялық жағдайына байланысты алынады екен.

"Бизнес қоғамдастықтың өкілдерімен 25 мамырдан бастап ұйымдардың жұмысын қайта іске қосу туралы талқыланып жатыр. Мекемелердің барлығында санитарлық-эпидемиялогиялық шарттар сақталатынын ескертеміз", - деді қала әкімдігінің өкілдері.

Бұған қоса әкімдіктегілер Алматыда халықты жаппай коронавирусқа байланысты тестілеуден өткізу жүріп жатқанын және 18 мамырдан бастап кейбір қызмет нысандарының жұмысын қайта іске қосу туралы айту әлі ерте екенін алға тартты.

"Барлық жұмыс нысандарында карантин тәртіптерінің сақталуы маңызды. Жұмыс беруші тарап жұмыс істейтін қызметкерлердің санын өздері шешеді", - деп қосты әкімдіктегілер.

Атап кетерлік жайт, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 678 болып отыр, жалпы Қазақстанда індетке шалдыққан 5 571 науқас тіркелген.

Бұған дейін 18 мамырдан бастап дәмхана, қонақ үй, мешіттер мен шіркеулер ашылатыны жайлы сөз болған еді.  




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 07:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30