Ислам діні

Алматының Алатау ауданында 7 мың орындық мешіт салынып жатыр

  • Алматының Алатау ауданында 7 мың орындық мешіт салынып жатыр

    Алматының Алатау ауданында 7 мың орындық мешіт салынып жатыр

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданын аралаған кезде 7 мың орындық жаңа мешіт құрылысының қарқынын тексерді. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


⠀ "Жоба бойынша мешітте биіктігі 49 метрге дейін жететін бірнеше мұнара болады. Кешеннің орта тұсында бес күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Құрылыс мерзімі учаскені су басып қалу қаупінен сақтау үшін жүргізілген инженерлік қорғау жұмыстарына байланысты ұзарды. Бүгінгі таңда 3 мың қадалы тіреу бекітілді және іргетасы бетондалды. Негізгі блоктың арматуралы қабырғаларын орнату басталды", - деп жазды Бауыржан Байбек. ⠀ Сондай-ақ, Алматы әкімі жақын арада Орталық мешіттің аумағын абаттандыру жұмыстары басталатынын айтты. ⠀ "Осының барлығы игі іске үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміздің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асуда. Оларға айтар алғысым зор. Бүгінгі Рамазан айының ең қасиетті түні - Қадір түнінде барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!", - деп жазды ол.

 




Көрілген: 976    Пікірлер: 0

сенбі, 01.06.2019, 10:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31