Ислам діні

Арақты қойғызған көрші

  • Арақты қойғызған көрші

    Арақты қойғызған көрші

Имам ағзам Әбу Ханифаның бір маскүнем көршісі болыпты.


Кеш батса болды ән айтып, би билеп Имам ағзамның құлшылығына кедергі етеді екен. Бір күні имам көршісінің үйінен ән мен бидің үні шықпай қалғанын байқады. Көршісі жөнінде сұрастырса, оны тәртіп сақшылары тұтқындап, зынданға қамағанын естиді. Имам ағзам таң намазын оқыған соң, қашырына мініп қала әкіміне келеді де, кіруге рұқсат сұрайды. Әкім оны төрге шығарып, құрмет көрсетіп:


– Бұйымтайңызды айтыңыз! - дейді.


– Менің бір көршім қамауда жатыр екен. Бірнеше түн бұрын тәртіп сақшылары алып кетіпті, - дейді имам. Бұны естіген әкім сол түннен бүгінгі күнге дейін қамауға алынғандарды Әбу Ханифаның құрметіне түгелдей босатуға бұйрық береді.


Имам ағзам көлігіне мініп үйіне қайтады. Артынан қамаудан шыққан көршісі еріп келеді. Имам көлігінен түскен бетте қасына келген көрші жігітке:


– Жігіт-ау, сені жоғалтып алдық қой? - деп, сөзге тартады.


– Жоқ. Керісінше Сіз мені қамқорлық көрсетіп, сақтап қалдыңыз. Көршінің ақысын сақтап, қамқорлық жасағаныңыз үшін Алла разы болсын! - деп, ризашылығын білдірген жігіт тәубесіне келеді. Сол күннен бастап арақты тастап, мас қылатын бұйымдарға мүлде жоламайтын болған екен.


ummet.kz


 




Көрілген: 3590    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.12.2018, 13:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 11:54
    Қайыршыны зекіме
    18 Ақпан, 12:06
    Дін туралы аңыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31