Ислам діні

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕР КІСІГЕ ЕЛІКТЕУІНІҢ ҮКІМІ

  • http://gp1-kbr.ru/

    http://gp1-kbr.ru/

Алла Тағала адам баласын көркем бейнеде жаратып, оларды ер мен әйел жынысына бөлді. Бұл туралы Алла Тағала Құранда былай баяндайды:

 

 يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَىٰ وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا ۚ إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ

 

«Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың. Шүбәсіз, Алла толық білуші, бәрінен толық хабардар болушы»[1].

 

Ер мен әйелдің өзіне тән қасиеттері, ерекшеліктері бар. Алла Тағала әйелдің жаратылысын нәзік, сезімтал, ал ер адамды күшті, қуатты етіп жаратты. Әйелдің еркекке, ал еркектің әйелге еліктеуі дұрыс емес. Мұндай қылыққа барған адам Құдайдың ашуын туғызады, көпшіліктің қарғысына ұшырайды. Ибн Абастан жеткен риуаятта:

 

لَعَنَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْمُتَشَبِّهِينَ مِنَ الرِّجَالِ بِالنِّسَاءِ ، وَالْمُتَشَبِّهَاتِ مِنَ النِّسَاءِ بالرِّجالِ

 

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (сөйлеген сөзінде, жүріс-тұрысында, киім киісінде, боянуында) әйелдерге ұқсағысы келген ерлерді, ерлерге ұқсағысы келген әйелдерді лағынеттеді»[2], – деп келген. Тағы бір риуаятта: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдің киімін киген еркекті және еркектің киімін киген әйелді лағынеттеді», – деп келеді[3].

 

Қорыта айтқанда, әйелдің ер кісіге ұқсауы, ер кісінің әйелге ұқсауы харам, үлкен күнә саналады. Мұндай сорақы іске қадам басқан адам ақыретте жазаға лайық.

 

 

 

 

Ihsan.kz




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 13:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31