Ислам діні

Азия елінде криптовалютаны харам деп таныды

  • Азия елінде криптовалютаны харам деп таныды

    Азия елінде криптовалютаны харам деп таныды

Индонезияның ұлттық ғұламалар кеңесі мұсылмандарға криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануға тыйым салды. Құны болжамға келмейтін факторларға байланысты болғандықтан, сандық ақша харам деп танылды. Бұл туралы Reuters діни қаулылар бөлімінің басшысы Асрорун Ниам Шолехке сілтеме жасап хабарлады.

Алайда MUI-дің криптовалютаға қатысты ұстанымы біржақты емес. Бір жағынан Асрорун физикалық пішіні мен фиксациялық құны болмағандықтан, криптовалютаны тауар ретінде саудалау заңсыз деп, оны азарттық ойындармен салыстыруда. 

Екінші жағынан, MUI шариғат заңдарына сай келетін криптовалютаны (қамтамасыздандырылған және "айрықша басымдыққа ие") сатуға рұқсат береді. 

 
MUI ел үкіметінің құрамына кірмейді, сондықтан азиялық дін көшбасшыларының қаулысы заң тұрғысынан бекітілмеген. Алайда оның жарлығы көптеген мұсылмандардың инвестициялық шешіміне ықпал етеді. 

Кеңес Индонезияда шариғаттың орындалуын қадағалайтын жоғары діни орган болып саналады. Аталған елде әлемдегі мұсылман қауымдастығының басым бөлігі тұрады. 


Ал Индонезия билігі криптоактивтерді қолдайды. Жыл соңында елде криптовалютаға бейімделген бөлек биржа құру жоспарланып отыр. Десе де, рупия елдегі жалғыз заңды төлем құралы болып саналады. Ал сандық ақшаны валюта ретінде қолдануға рұқсат етілмейді. 

Индонезиядағы дін жетекшілерінің ұстанымы өзге мұсылман елдерінен ерекшеленеді. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері Дубайдың ашық аумағында криптовалютаны сатуға рұқсат берсе, Бахрейн 2019 жылдан бері валютаның бұл түрін қолдауда. 

Қараша айының басында криптовалюта нарығын капиталандыру рекордты жаңартып, үш триллион доллардан асып түсті. Биткоин қымбаттаған кейінгі барлық сандық активтердің жалпы құны максималды шекті деңгейге жетті.

8 қараша күні ең танымал криптовалюта 67 мың долларға қымбаттаса, 10 қараша күні оның құны 69 мың долларға жетіп, рекорд орнатты. 

stan.kz




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31