Ислам діні

БАЙҒЫЗ

  • БАЙҒЫЗ

    БАЙҒЫЗ

Сүлеймен патшаның Зуһра атты сұлу әйелі болыпты. Бір күні әйелі Сүлейменге:
– Мені сүйсең құстың сүйегінен үлкен сарай соғып бер. Сол сарайда тұрғым келеді, – деп назданады.
Нақсүйерінің көңілін қимаған патша күллі құс біткенді ордасына жинады. Құстар аяқтарынан тұсалып, тұмсықтары тесіліп, сымға тізілген соң:
– Түс көрдім. Түсімде ғажап сарай көрдім. Досым Жебірейіл:
– «Құс сүйек» деген сарай осы. Кілең құс сүйегінен салынған» деді. Сол сарайға аңсарым әбден ауды. Сендердің сүйектеріңнен сондай сарай тұрғызсам деген арманым бар, – деді.
Құс біткен басын иіп:
– Патша ием, сіздің әжетіңізге жараса, жанымызды алыңыз, сарайыңызды салыңыз. Біздің сүйек сіздің жолға садақа, – деді.
Сол кезде Бөдене бытпылдап:
– Арамызда байғыз жоқ, – деді.
Қараса байғыз келмепті. Сүлеймен қаһарланып:
– Қаршыға, байғызды дереу дәргейіме жеткіз, – деп бұйырды. Қаршыға байғызды алып келді. Патша оған:
– Шақырғанда неге келмейсің? – деп ақырды. Байғыз басын шайқап:
– Тақсыр, ой үстінде әміріңізді естімей қалдым, – деп жауап берді.
– Патшаның әмірінен күшті қандай ой?
– Дүниеде жазық көп пе, төбе көп пе, соны санап, ойланып отырғанмын? – деді байғыз. Сүлеймен:
– Әрине, жазық көп. Сол да сұрақ болып па? – деді.
– Жоқ, патшам, мен санасам дүниеде төбе көп екен.
– Қалайша төбе көп?
– Тақсыр, мен өлген адамның моласын қосып санадым. Әрбір адам өлген соң бір төбеге айналады екен, – деді. Сүлеймен сөзден тосылып қалып:
– Тағы не санадың? – деді.
– Дүниеде тірі көп пе, өлі көп пе? Соны да санадым, тақсыр! – деді байғыз. Сүлеймен:
– Әрине, тірі көп, – деді.
– Жоқ, тақсыр. Қанша санасам да өліден тірінің саны аспады.
– Қалайша?
– Мен күн шыққанша ұйықтайтын адамдарды да өліге қостым, – деді. Сүлеймен бұл жолы да сөзден тосылды:
– Тағы нең бар санаған? – деді.
– Дүниеде еркек көп пе, әйел көп пе, соны да санадым, – деді. Сүлеймен жалт қарап:
– Иә, кімдер көп екен?– деп сұрады.
– Әйел көп, – деді.
– Қалайша?
– Әйелінің тілін алатын еркектерді де мен әйел санатына қостым, – деді. Сөз төркінін түсінген Сүлеймен патша қателігін түсініп, құстарды босатты.
Құстардың аяғындағы тұсауларын шешіп жатқанда, тірі қалғандарына қуанған торғай мен ұзақ тағатсызданып ұшып кетеді. Аяқтарына байланған тұсаулары толық шешілмегендіктен, олар әлі күнге дейін секеңдеп жүреді екен. Құстарды сымға тізгендіктен, олардың тұмсығында тесіктер қалыпты. Байғыздың тұмсығы сымға тізілмегендіктен, бітеу қалпында кетіпті.




Көрілген: 4691    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.03.2021, 01:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31