Ислам діні

Бір жылдық күнәңіздің өтеуі болатын күн

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Муслимнің "Сахих" жинағында Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен хадисте:"Оразаның Рамазаннан кейінгі абзалы - Алланың айы -Мұхаррам, ал намаздың парыздардан кейінгі абзалы - түнгі намаз" - деп айтылған.

 

Мұхаррам айында қасиетті бір күн бар. Ол күні ұлы оқиға болған. Алла тағала Мұса пайғамбар мен оның қауымын құтқарып, Перғаун әскерін теңіз түбіне батырды. Міне, сол оқиғадан кейін, Мұхаррам айындағы осы бір күнге ерекше мән беріледі.

 

Шариғатымызда ол күн "Ашура күні" деген атпен белгілі.

 

Бірде мұсылмандар Ибн Аббасқа (р.ғ.) келіп, одан Ашура оразасы жайлы айтып беруін өтінеді. Ол: «Қашан Мухаррам айы туғанын көрсеңдер, есептеп, тоғызыншы күні таңертең ораза ұстаңдар», – дейді.

 

Олар: «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәл осылай тұтатын ба еді ?» – деп сұрайды.

 

Сонда ол: «Иә», – деп жауап береді. Ашура күнінің оразасы.

 

Айшадан (р.ғ.) жеткен хадисте ол: «Құрайыштар Исламға дейін Ашура күні ораза тұтатын және ол күні Алла елшісі де (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтатын еді. Мәдинаға келгеннен соң да Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол күні ораза тұтты және ораза тұтуды бұйырды. Ал Рамазан парыз етілген соң, ашура күнін міндеттемеді, қалаған кісі тұтатын, ал қаламаған кісі тұтпайтын», - деген.

 

Мұхаррам айының оныншы күнін яғни Ашура күнін оразамен өткізу сауапты іске жатады. Бұхари мен Муслимнің "сахих" жинақтарында Ибн Аббастан (р.ғ.) мынадай дерек келтіріледі: Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударып келгенде, Мәдиналық яһудилердің Мұхаррам айындағы Ашура күні ораза тұтып жүргенін көреді.

Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан: «Сендер ораза тұтып жүрген бұл қандай күн?» –деп сұрайды.

Олар: «Бұл – ұлы күн, онда Алла Мұса мен оның қауымын құтқарып, перғауын мен оның қауымын суға батырған. Мұса бұл күні шүкіршілік ретінде ораза тұтқан, сондықтан біз де бұл күні ораза тұтамыз», – деп жауап береді.

Сонда Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге қарағанда Мұсаға біз көбірек құқылымыз әрі оған біз көбірек лайықпыз», – деді.

 

Сөйтіп Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы күні ораза тұтып,мұсылмандарға да осы күні ораза тұтуды бұйырады.

 

Ғұлама Ибн Хажар Ашура күнінің артықшылығына тоқталып: "Рамазаннан өзге күндері ораза тұтқысы келген кісі үшін Мұхаррам айындағы Ашура оразасы ең сауапты құлшылық болады", - деп айтқан.

 

Муслимнің "сахих" жинағында Ашура күні ораза тұту бір жылдық қателіктерді жуады деп айтылса, ал қажылық кезінде Арафат күнгі ораза екі жылдық күнәға кәффарат болады делінген.

 

Білім иелерінің түсіндіруінше, Ашура оразасы Мұса пайғамбарға қатысты, ал Арафат күнгі ораза Мұхаммед пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  қатысты.

 

Сондықтан, әр құлшылықтың өзіндік орыны болғанымен, Арафат күнінде ораза тұту Ашура оразасынан гөрі абзал болып есептеледі.

 

 

 

ummet.kz




Көрілген: 1854    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 19:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31