Ислам діні

Бүгіннен бастап ораза ұстасам бола ма?

  • Бүгіннен бастап ораза ұстасам бола ма?

    Бүгіннен бастап ораза ұстасам бола ма?

Ассаламағалейкум, менің негізі ораза ұстағым келген. Оған ата-анамның қарсы болуы да себеп болды. Бірақ, қатты қарсы болған жоқ. «Өзің жұмыс істейсің, қиналып қаласың. Ұстамай-ақ қой», - дегені болмаса. Жұмысым аса қиын емес. Кейіннен ораза ұстап жүрген достарымды көріп, ұстағым келді. Оразаның сауабы жайында айтқанда қатты әсерлендім. Енді ораза ұстасам, қабыл бола ма? Қанат




Жауап

Уағалейкумуссалам, Қанат. Ораза ұстасаңыз болады. Ораза айынан кейін тұтпаған күндеріңізді өтейсіз. Сіздің жағдайыңызға қарасақ, біріншіден өзіңізге сенімді болмағансыз, екіншіден өзге кісілердің қарсы болуынан ораза ұстай алмағансыз. Дегенмен де әлі кеш емес. Ниетіңіз қабыл болсын!


Көп адам Рамазанның бел ортасынан немесе бір-екі күн өткізіп ұстап жатады. Олардың да себебі әртүрлі. Біреулерге оразаның сауабы жайында айтылған уағыздар әсер етсе, енді біреулердің ораза ұстауына жақын туыстары, достары себепкер болып жатады.


Негізінде мұсылман адам Рамазанға бірнеше ай бұрын дайындық жасауы керек. Нәпіл оразалар ұстап, оразаның сауабы, пайдасы жайында ақпараттар оқып және т.б. Өйткені, Рамазанның бір күнінде тұтылған оразаның сауабын сіз бір жыл ораза ұстап ала алмайсыз. Сондықтан, Рамазанның бір күнін бос қалдырмай тұтқан абзал. Кейде сапардағы кісілер, аздап ауырған кісілер шыдап, Рамазанның сол күнгі оразасын тұтып жатады. Оның себебі, жаңағы айтқан сауаптан құр қалмау.


Құрылыста жүріп, тіпті металлург болып жұмыс істейтіндердің ораза ұстап жүргенін естідік. Оларды қасиетті Рамазан айындағы оразаның мол сауабынан үміт еткен жандар деп білеміз. Себебі, ораза - дені сау әрбір мұсылманға парыз әрі сауабы еселеніп берілетін ұлы құлшылық. 




Көрілген: 934    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.05.2019, 19:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31