"Дәрігермен кеңесу керек": Кімге ораза ұстауға болмайды?

"Дәрігермен кеңесу керек": Кімге ораза ұстауға болмайды?

 Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қасиетті Рамазан айында кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты. Жандарбек Бекшин қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдығып, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"20 сағат бойы ас-сусыз жүру қиынға соғады. Сондықтан жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, қариялар мен жеті жасқа толмаған балалар, әскери адамдарға ораза ұстумауға болады", - деді Бекшин.
Сонымен қатар, комитет төрағасы қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. Оған қоса, вирусты гепатит, созылмалы ішек аурулары, асқазан жарасы, гастриті бар адамдарға да ораза ұстамауына болады дейді ол.

"Мұндай жағдайда азаматтар міндетті түрде дәрігерімен кеңесу керек. Дәрігер рұқсатын берсе ғана ораза ұстауға болады", - деді Жандарбек Бекшин.
Бас санитарлық дәрігер отыз күн бойы ауыз бекітетін адамдарға 8-10 стақан су ішуге кеңес берді.

"Себебі, су ішкен кезде, адам шөлдемейді. Сосын тәтті газдалған сусындарды бір ай бойы ұмыту керек. Тұзы көп тағамдарды да азайтқан абзал. Сонда ораза жеңіл өтеді", - деді Жандарбек Бекшин.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста