...ДҮНИЕ ТІРШІЛІГІ АЛДАНЫШТАН БАСҚА ЕШТЕҢЕ ДЕ ЕМЕС», (АЯТ)

...ДҮНИЕ ТІРШІЛІГІ АЛДАНЫШТАН БАСҚА ЕШТЕҢЕ ДЕ ЕМЕС», (АЯТ)

Құлдарын тәрбиелеу мақсатына Алла Тағала белгілі бір амалдарды орындауға немесе олардан бойымызды аулақ ұстауға шақырады. Жаппар Иеміз сүймейтін және мұсылмандардың бойында болуын да қаламайтын ұнамсыз қасиеттердің бірі – дүниеқұмарлық.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала:

«Біліп қойыңдар! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән ғана. Өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы. Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таңқалдыратын жаңбыр сияқты. Сосын құрап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Дүние тіршілігі де сол сияқты. Ал ақиретте ( кәпірлер үшін) қатты азап (мүминдер үшін) Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес», - (Хадид сүресі, 20 аят)деп дүние тірлігінің нағыз бет пердесін ашып берді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына өмірдегі қызылды –жасылды қызықтарға көңіл бөлмей өмір сүрудің бірегей үлгісін паш етті. Бүкіл дүние уысына берілсе зәредей қуанбайтын, бүкіл дүние уысынан шықса, еш ренжемейтін нағыз құлдың мінезін де ардақты пайғамбарымыздан байқаймыз. Ол үшін ғаламды уысында ұстау мен жерден жай ғана тас тауып алудың арасында айырмашылық болмаған. Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бүл дүниені жүрегімен тәрк етуі осындай еді. Бірақ бұны бүкіл дүниеден безіп кету деп қате қорытынды шығаруға болмайды. Бұл тәрк ету жүрекпен болған. Алайда оны сыртқы өмір – тіршілігіне көрсетпейтін. Өйткені, бізге өмір сүрудің, табыс табудың ең қисынды жолдары мен түрлерін көрсеткен де пайғамбарымыз Мұхаммед – Мұстафа (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еді.

Егер мұсылмандардың барлығы тіршілік жасауға қолды бір-ақ сілтеп, өмірден баз кешсе, Ислам әлемі қандай күйге ұшырап кетер еді? Дамып өсер ме еді? Әрине жоқ. Олай болса дүниені тәрк ету жүрекпен жүзеге асуы қажет.

Абдуллаһ ибн Масғуттан (Оған Алла разы болсын) жеткен мынабір хадисте: «Бірде Алланың Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шидіңүстінде ұйықтап тұрған кезінде денесіне шидің іздері түскен еді. Біз «Уа, Алланың елшісі, саған бір нәрсе төсеп беруіміз керек еді!»,- дедік. Ол, бұл дүниені қайтейін? Менің бұл дүниеге келуім – ағаштың көлеңкесіне сәл аялдап, сапарын қайта жалғастырып, ағашты тастап жүріп кеткен жолаушы тәріздімін», - дейді. Шынында да, бүгін мұсылман кісілердің «Жұмысым көбейіп кетті, намаздарымды дұрыс оқи алмай жүрмін. Дүние, дүние деп жүріп Құдайымызды ұмытып қалатын түріміз бар. Бұған не істейміз?» деп ағынан жарыла уайымға салынып жатқанын көп естиміз. Оларға не деуге болады?

Бір ғалымнан, «Алланы жақсы көру жүрекке қалай орнайды?», - деп сұрағанда, «Жүректен дүниеқұмарлық кетсе, Алланы жақсы көру сезімі өзінен – өзі орнайды», - деп жауап беріпті.

Бір күні Мейірім жаршысы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Һурайраға: «Әй, Әбу һурайра,саған дүниенің шын бет – бейнесімен көрсетейін бе?», - деп сұрады. –Иә, көрсетіңіз, - деп дегенде, Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны Мәдинаның қоқыстары төгілетін жерге ертіп барды. Онда жыртық киімдер, адамның түрлі лас қоқыстары, сүйектер шашылып жатыр еді. Соларды нұсқады да, «Сен көріп тұрған мына сүйектер де бір кезде олар мініп алып жер – жерді шарлап, шапқылап жүрген көліктерінің сүйектері! Міне, қазір еттерінен ажырап, саудырап сүйектері ғана қалды. Бірте – бірте бітіп әбден шіріп, топыраққа айналады. Ал мына нәжістер адамдар бұрын жеген жылы – жұмсақ тағамдар еді. Қайдан болса, әйтеуір тауып, ауызға тоғытушы еді. Қазір қарашы, жұрттың бәрі бұлардан аулақ қашады. Ал мынау тозығы жеткен маталар бір кездерде әдемі, әсем киімдер еді. Қазір ше? Жел олардың тоз – тозын шығарған. Міне, дүниенің жағдайы мен ақыры осы. Енді дүние тірлігі үшін жылағысы келгендер жыласын».

Иә, Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осыны ойлап қамықты. Біздің дүние әлегіне түсіп кететінімізден қорықты. Сөйтсек, оның жөні де бар екен – ау! Айналаға көз жүгіртіп көрейікші. Тәңертең көзімізді тырнап ашқаннан бастап, бұл дүние бізді еліктіріп әкетіп жатқан жоқ па? Әрлі – берлі зырылдап жатқан көліктер, жүйткіген поездар мен ұшақтар еш тоқтаусыз ненің соңына түсіп кеткен? Анаған да, мынаған да асығамыз. Әрбір ісіміздің ақыры не боларын бір сәт те ойланбай, сүңгіп кетеміз. Ертең, ақырет күнінде Алланың алдына барғанда, абырой әпере қояр ма екен? Әрине, бұл айтылғандар дүние атаулыдан безіп кету деген сөз емес. Бірақ Алланың бергенін Алланың жолында қолдануға шақыру ғана. Міне, мал дүниені Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткендей, жұртқа оңды – солды таратып, тұрмысы нашар жарлыларға қамқор болып жатсақ, ол неге керек болмасын! Сөзсіз, керек! Алайда оған алданып қалмаудың қамын жасап қоюымыз қажет – ақ.

Сөзімізді мына бір жүрек тербер оқиғамен аяқтаймыз:

Хақ Пайғамбар(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хәзіретті Әбу Бәкір және Омармен (Ол екеуіне Алла разы болсын) түн ортасында Мәдинаның бір көшесінде ойламаған жерден кездесіп қалып, бір – бірінен түн жарымында неге сыртқа шыққанын сұрады.Сонда үшеуінің де жауабы бір жерден шығып еді: «Аштық итермеледі»...

Иә, үшеуі де Алла үшін барын беріп жүрсе де, өздеріне азық боларлық бір тілім нан таба алмағаны үшін дөңбекшіп ұйықтай алмай, сыртқа шыққан еді.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста