Ислам діні

Елордада Құран оқудан үздіктер анықталды

  • Елордада Құран оқудан үздіктер анықталды

    Елордада Құран оқудан үздіктер анықталды

Бүгін ел астанасында қасиетті Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ Республикалық Құран жарысының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша іріктеу сайысы өтті.
Айтулы шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25-ке жуық үміткер қатысып, «Әлжан ана» мешітін қасиетті Құран үнімен нұрландырды. Төрт аталым бойынша («10 пара», «20 пара», «30 пара» және «мәнерлеп оқу») сынға түскен жас өрендер көрермендердің ризашылығына бөленіп, бірінен бірі озған білгірліктерімен қазылар алқасының да жұмысын қиындата түсті.

Дегенмен, сайысқа төрелік жасаған елімізге белгілі Құран білгірлері Жұманазар Садырханов («Әзірет Сұлтан» мешіті), Нуреддин Абдусамадұлы («Ғылмани» мешіті), Қадыршаев Абдульбасит («Әл-Ғани» мешіті) сынды қарилар қатысушылардың дайындығын қапысыз тексеріп, шын үздігін анықтауға барын салды. Әр үміткерге сайыс шарты бойынша қосымша сұрақтар қойылып, қырағаты мен жаттау қабілеті жан-жақты тексерілді.

 Сайыс қорытындысы бойынша 21 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ІХ Республикалық Құран жарысында Елорда өкілдігі атынан Қосаев Мұхаммед («10 пара»), Ерқанат Серікұлы («20 пара»), Дәукен Қайырбай («30 пара»), Еркінбек Мұсабектер («Мәнерлеп оқу») қатысады. Іріктеу жарысының ІІ және ІІІ орын жүлдегерлеріне, барлық қатысушыларға «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Әділхан Серікбайдың ұйытқы болуымен арнайы сый-сияпат табысталып, қасиетті Құранға деген ынта-ықыластарына орай құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушыларға арнайы мерекелік дастархан жайылып, сауапты сайыстың соңы тағылымды отырысқа ұласты.
BAQ.KZ




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 19:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қараша, 15:37
    Қырық жастың дұғасы
    26 Қараша, 19:00
    Мұсылманша түс жору
    24 Қараша, 12:46
    Нарды ойнау харам ба?
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31