Ислам діні

ХАЛАЛ ДАМУ: 30 КОМПАНИЯҒА «ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

  • ХАЛАЛ ДАМУ: 30 КОМПАНИЯҒА «ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

    ХАЛАЛ ДАМУ: 30 КОМПАНИЯҒА «ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС барлығы 30 компанияны сертификаттап, 7 компанияның қызметін тоқтатты. Қазіргі таңда барлығы 282 компания «Халал Даму» ЖШС-нің бақылауында.


Өңірлік өкілдердің аймақтарда жүргізген оқу-семинары нәтежиесінде 17 қасапшы шариғат әрі халал стандартқа сәйкес мал сою талаптарын үйреніп, «ҚМДБ халал қасапшысы» куәлігі мен сертификатына, жеке мөрге ие болды.


Соңғы үш айда «Ұлттық экспертиза орталығының» 14 өңірлік және екі қалалық мекемесінен, «Treegene» молекула-генетикалық зертханасынан барлығы 29 өнім лабораториялық тексерістен өтті.


Әр айдың соңында өңірлік жауапты бақылаушы-инспекторлардың қатысуымен «айлық тексеріс жұмыстары» жүргізіліп, тексеріс нәтежиелері «Халал Даму» ЖШС-на тиесілі әлеуметтік желілерде тұтынушылар назарына ұсынылып отырды.


«ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланған 5 мекемеге қатаң ескерту шаралары қолданылды.


Сонымен қатар, Монғолия мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Батырбек Хадыс мырзаның қатысуымен «Халал Даму» ЖШС арасында «Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойылды.


Жыл басында мұсылмандардың қара шаңырағы ҚМДБ-ның бас ғимаратында «Халал Даму» ЖШС-ның штаттық қызметкерлерінің және өңірлік өкілдерінің қатысумен жылдық қорытынды жиын өтті. Үздік қызметкерлер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хатына ие болды.


Халықтың «халал және харам» жөнінде сауатын арттыру мақсатында еліміздегі түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, танымдық-насихат шаралары белсенді түрде орындалып жатыр. 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31