Ислам діні

Имам Ғазалидің ораза жайлы айтқаны

  • Имам Ғазалидің ораза жайлы айтқаны

    Имам Ғазалидің ораза жайлы айтқаны

Ардақты пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім жаман сөзден және жаман істен өзін тыймаса, оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Алла Тағала үшін ешбір қажеті жоқ», - деген.

Олай болса, хадис оразаның әсіл мақсаты асқазан және тән қалауынан тыйылу арқылы белгілі бір рухани деңгейге жетуді мұрат ету керектігін меңзеуде.

Осыған байланысты имам Ғазали:

«Білгенің жөн, оразаның үш деңгейі бар. Көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус).

Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу. 
Ерекше ораза – құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю. 
Ал, арнайы ораза – жүректің оразасы, яғни, жаман ой мен пікірден тұтастай тыйылып, толығымен Аллаға берілу», - деген екен. 

Демек, оразаның сауабы, басқаша айтқанда деңгейі адамның Рамазанды қалай өткізгендігіне байланысты.

Аятқа себеп ауызашар

Пайғамбар немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Алла Тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ Тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

 




Көрілген: 1271    Пікірлер: 0

сенбі, 09.05.2020, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?
    7 Тамыз, 15:37
    Ата-ана ақысы
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30