Ислам діні

Жүктілік өміріме қатер төндірсе, не істеуім керек?

  • Жүктілік өміріме қатер төндірсе, не істеуім керек?

    Жүктілік өміріме қатер төндірсе, не істеуім керек?

Ассаламу алейкум! Мен жүктімін. Құрсағымда алты айлық балам бар. Кезекті медициналық тескеру барысында дәрігерлер жүктілік менің өміріме қатер төндіріп тұрғанын, жақын арада аборт жасау керектігін айтты. Әйтпеген жағдайда, мен жүктіліктің соңына дейін немесе баланы босату кезінде көз жұматынымды ескертті. Мен не істеуім керек?


Жауап
Уа алейкум ассалам!

Барлық фиқһ ғалымдары бірауыздан құрсақтағы бала 120 (4 ай) күнге жетсе, түсік жасауға қатаң тыйым салған. 120 күн – құрсақтағы шаранаға жан кіретін мерзім. Мұндай жағдайда аборт жасату қатаң түрде тыйым салынады. Себебі, бұл адамды жазықсыз өлтіру боп табылады. Құран Кәрімде: «... кедейліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз[1]» және «Әрі заңды түрде болмаса, Алла тыйым салған жанды өлтірмеңдер...[2]», – деп баяндалған.

Ал, құрсақтағы 120 күнге жетпеген шарананы түсік жасату үкімінде фиқһ ғалымдары екі түрлі пәтуа айтады. Малики мәзһабы – түбегейлі харам десе, Шафиғи мәзһабы мәкрух деп тұжырымдайды. Ал, барлық ғалымдар бірауыздан мақұлдаған пәтуа: «Шаранаға жан бітсе де, бітпесе де шариғи зәрулік жағдайынан басқа кезде түсік жасату – харам. Шариғи зәрулік: аса тәжірибелі дәрігерлер кеңесі бойынша шарананың құрсақта қалуы ананың денсаулығына күрделі зиян тигізеді немесе өміріне қауіп төндіреді деп шешім қабылдаса, шарананың өмірінен ананың денсаулығы мен өмірі маңызды болғандықтан түсік жасалады[3]».   

 


[1] «Әнғам» сүресі, 151-аят
[2] «Исра» сүресі, 33-аят
[3] Ислам Әлемі қауымдастығы жанындағы Ислам Фиқһ академиясы, www.dar-alifta.org




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 16:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31