ЖЫНДАР НЕЛІКТЕН ТЕК КЕЙБІР АДАМДАРҒА ҒАНА КӨРІНЕДІ?

24 желтоқсан 2021, 19:37

Жындармен байланыс құру бір мәртебе емес. Бұл нәрсеге әуес болмау керек. Себебі жын әлемі, қауіпті дүние. Олармен қарым-қатынасқа түсуді көздеген адам жынмен байланысқа түсудің белгілі жолдары мен әдістерін біліп қана қоймай, иманы күшті діни сауаты терең болмақ керек. Ол маман өз тәртібі мен қағидасына сай әрекет етпесе, жынға тәуелді болып қалу қауіпі жоғары.

 

Мұндай іспен шұғылданатын маман әрбір адымын аңдап басады, себебі қателік жасайтын болса, онда оған «хабис» (бұзық) жындар шабуыл жасайды. Оны өздеріне тәуелді етіп, қызметші қылып та алуы ғажап емес. Соның салдарынан жындар кейде мұндай адамдарды тәкаппарлық пен көкіректікке итермелейді. Осы менмендікті сезінуі үшін оның қалаған нәрсесіне қол жеткізуіне жәрдем береді. Ол адамға өзін құдіретті етіп көрсетеді. Алайда, жындар ол адам ойлағандай оған қызмет етпейді, керісінше оны өздеріне қызметші етеді. Заманы келгенде оны қорқыту арқылы, бойына үрей ұялатып өз дегенін орындатады.

 

Бұзық әрі зұлым жындар әдетте зұлымдыққа жақын болған адамдармен байланысқа жиі түсіп, оларды ақылынан адасуға дейін жеткізуі мүмкін. Жалпы жын атауы рухы әлсіз адамдарға жиірек көрінеді.

 

Жынды көру – бір артықшылық емес. Керісінше олардың әсеріне, ықпалына ұшырағаннан гөрі, оларды еш көрмеген абзалырақ.

 

 

mazhab.kz