Қандай адамдардың жаназасы оқылмайды?

16 қараша 2018, 18:12

Шариғатымызда жаназасы оқылмайтын адамдар болады екен. Солардың қатарына кімдер жатады?

Үлкен-кiшi, ер немесе әйел болсын әрбiр мұсылманға жаназа намазын оқу парыз. Алайда белгілі бір себептермен жаназа оқылмайтын кісілер болады. «Ат-Табиинде» жаназа намазы оқылмайтын адамдар қатарына төмендегілер жатқызылады:

1. Бүлікші, мұсылмандарға қарсы қару қолданып, соғыс ашқан кісілер;

2. Қарақшылық шабуыл кезiнде өлген тонаушылар және сол сияқтылар;

3. Ата-анасын өлтiргендер: оларға қорлық болу үшін жаназа оқылмайды.

Абайсызда өзiн-өзi бiлмей өлтiрген адамды жуып, жаназа намазын оқу керек (мысалы, жауды өлтiремiн деп абайсыздан өзiн өлтiрiп алған). Ал, өзге дінге, сектаға кірген кісінің жаназа намазы оқылмайды, мұсылмандар зиратына жерленбейді.

muslim.kz