Ислам діні

КӘПІРЛІКТЕН МҰСЫЛМАНДЫҚҚА ҚАДАМ

  • КӘПІРЛІКТЕН МҰСЫЛМАНДЫҚҚА ҚАДАМ

    КӘПІРЛІКТЕН МҰСЫЛМАНДЫҚҚА ҚАДАМ

Мекке толықтай мұсылмандардың қолына өткеннен кейін Исламның бас дұшпаны Әбу Жәһилдің баласы Икриманы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім жазасына кескендіктен ол бас сауғалап Йеменге қашты. Алайда оның әйелі Үммі Хаким болса мұсылмандықты қабылдап, әрі күйеуі Икриманы кешіруді Пайғамбарымыздан өтінген еді. Пайғамбарымыз оны кешіргендігін білдіргенде, Үммі Хаким дереу күйеуін іздеп жолға шықты. Теңіз жағасындағы бір кемеде мұсылман капитанымен сөйлесіп тұрған жерінен Икриманы тапты. Капитан оған:

– «Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммед Расулалла» деп айтып имансыздықтан біржолата арылсаңшы, – деді. Икрима: – Мен онсыз да соны айтпағандығым үшін қашып кеткем жоқ па?! – деп қарсылық білдірді. Сол кезде қастарына жақындаған Икриманың әйелі:

 – Мен қазір адамдардың ең абзалының, ең жақсысының қасынан келе жатырмын. Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сөйлестім, сені кешіріп, саған берген өлім жазасын да қайтып алды. Саған ендігі жерде қорған болатындығын айтты. Өзіңе титтей жаның ашыса, жүр енді,– деп ізгі хабарды жеткізді. Екеуі бірге жолға шықты. Жолда қонақтаған бір жерде Икрима әйелімен жақындасқысы келді. Алайда әйелі оған қарсы болып:

 – Жоқ болмайды, – деді, – мен мұсылманмын, ал сен кәпірсің! Икрима:

– Сені маған жақындатпаған сенім расында да маңызды болса керек, – деді. Икрима Меккеге жақындағанда Алла елшісі сахабаларына қарап:

 – Әбу Жаһилдің баласы Икрима мүмин және мұһажир кейіпте сіздерге келе жатыр. Әкесін сөге көрмеңіздер! Өйткені айтылған сөгіс өліге жетпегенмен тіріге жетеді, – деп ескертті. Пайғамбарымыз Икриманы көргенде, аса бір қуанышпен қарсы алып, ерекше ілтипат көрсетті. Икрима келген бойда:

 – Әй, Мұхаммед! Сен мені қандай дінге шақырасың? – деп сұрады. – Алладан басқа құдай жоқтығына және менің Алланың құлы әрі елшісі екендігіме сенуге, сондай-ақ намаз оқуға, зекет беруге шақырамын, – деп жауап берді пайғамбарымыз. Сонда Икрима:

 – Алла атымен ант етейін, сен шынында да халықты тек қана жақсылыққа шақырасың. Сен пайғамбар болмай тұрып та, арамыздағы ең шыншылымыз әрі ең абзалымыз болатынсың, – деді де Пайғамбарымызға қол берген күйі кәлима-и шәхадасын айтып, мұсылмандықты қабылдады.

mazhab.kz




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 20:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31