Ислам діні

Қайнатаның алдында орамал тағуым міндетті ме?

  • Қайнатаның алдында орамал тағуым міндетті ме?

    Қайнатаның алдында орамал тағуым міндетті ме?

Сәлеметсіздер ме? Былтыр тұрмыс құрдым. Жұмысымыз қалада болғаннан кейін бөлек шықтық. Қазір қайнатам да қалаға келді қыдырып. Бізбен бірге тұрады. Үйіміз кішкентай, үнемі орамалмен жүру ыңғайсыз. Сұрағым: қайнатамның алдында орамал тағып жүруім міндетті ме? Б. Кеңесқызы




Жауап

Сәлеметсіз бе. Алла Тағала Құранда балиғатқа толған қыз баласының кімнің алдында орамал тақпауына болатынын тізбектеп:


وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا لِبُعُولَتِهِنَّ أَوْ آبَائِهِنَّ أَوْ آبَاءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوْ أَبْنَائِهِنَّ أَوْ أَبْنَاءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوْ إِخْوَانِهِنَّ أَوْ بَنِي إِخْوَانِهِنَّ أَوْ بَنِي أَخَوَاتِهِنَّ أَوْ نِسَائِهِنَّ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُنَّ أَوِ التَّابِعِينَ غَيْرِ أُولِي الْإِرْبَةِ مِنَ الرِّجَالِ أَوِ الطِّفْلِ الَّذِينَ لَمْ يَظْهَرُوا عَلَىٰ عَوْرَاتِ النِّسَاءِ


«Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға сұлулықтарын көрсетулеріне болады»[1], – деген.


Бұл аяттағы «сұлулық» деп әйелдің күнделікті шаруада ашып жүретін, ауыр әуретке саналмайтын жерлері меңзелген. Яғни, әйел адам жоғарыда аталып өткен адамдардың алдында, (оның ішінде қайнатаның) алдында бас, шаш, бет, мойын, алқам, иық, қол және тізеден төменгі жерлерді ашуға болады[2]. Алайда, олардың алдында іш, арқа және кіндіктен тізеге дейінгі ауыр әурет болып саналатын жерлерді ашуға болмайды.


Тоқетері: қайнатаңыздың алдында орамал тағуыңыз міндетті емес.


Сәттілік иесі Алла ғана.


Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

сенбі, 23.03.2019, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31