Ислам діні

Қазақстандық әйел: Балаларым Түркияға демалуға кетіп, Сириядан бір-ақ шықты

  • Қазақстандық әйел: Балаларым Түркияға демалуға кетіп, Сириядан бір-ақ шықты

    Қазақстандық әйел: Балаларым Түркияға демалуға кетіп, Сириядан бір-ақ шықты

Қазақстандық әйелдің ұлы Сирияда көз жұмған. Алайда таядуа келіні мен төрт немересі отанына қайтып оралыпты. Ол балаларының соғыс аумағына қалай тап болғанын айтып берді, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат».


«2015 жылы балаларым демалу үшін Түркияға кетті. Арада бір ай өткеннен кейін бұл жаңалықты естіп, төбемізден жай түскендей болды. Менің отбасым, балаларым – зайырлы адамдар. Ұлым ислам дінін ұстана бастағанға дейін бұл тақырып туралы сөз де болмайтын. Ол аз уақыт ішінде өзгеріп кетті. Мен «зомбиға айналдырды» деген сөзді диі естимін. Алайда мұны қалай жасауға болатынын түсінбеймін. Оның жоғары білімі, қызыл дипломдары, алтындай баласы бар. Ол ата-анасынан аттап өтеді деп ешқашан ойлаған емеспін», - дейді әйел.


Ол бұл жағдайдың ата-анасымен кеңеспестен кетіп қалуды ұйғаратын кез келген адам үшін сабақ болатынын айтты.


«Келінім мен немерелерімнің қайтып оралуы – керемет жағдай болды. Және бұл біздің мемлекетіміз атқарған үлкен жұмыс. Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, балаларымызға мүмкіндік беруін сұрағанымызда, бас тартылған жоқ. Атқарылған барлық жұмыс үшін алғысымыз шексіз және балаларымыздың қайтып оралғаны үшін қуаныштымын. Алда олармен әлі де жұмыс істеу керек».


«Бұл өмірде бәрі де қателесуі мүмкін. Оның үстіне, олар – жас. Жағдайды түзетуге мүмкіндік берілетін кездер сирек. Алайда түзелуі үшін мүмкіндік беру маңызды. Менің келінім 2017 жылы хабарласып, отанына қайтып оралуы үшін көмек сұраған еді. Көп адам біздің қайғымызға ортақтасып, көмек қолын созды. Біреулерге олар ұшып келгендей, жай ғана алып келгендей болып көрінуі мүмкін. Алайда ол жақта өте қауіпті, ол жақта соғыс», - дейді әйел. 




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31