Ислам діні

Кімдердің жүрегіне мөр басылған

  • http://muslim.kz

    http://muslim.kz

Дінімізде кейбір жандардың жүректерінің мөрленгендігі жайында айтылады. Мөрленген деген сөздің мағыналық шеңбері – иманға құлақ асып, жүрегі жібімейтін, хақ жолды теріс деп санап, өз пікірінен әсте танбайтын жандар деген ұғымды қамтиды. Осыдан келіп, санамызда «шындығында да пенденің жүрегіне мөр басылып, содан ол мәңгілік кәпір бола ма екен?» деген заңды сауал қылаң береді. Ешбір құлына Алла Тағаланың зұлымдық етпейтіні басы ашық мәселе. Бұл тұрғысында жоғарыда рет-ретімен сөз болды.


Ал бұл жердегі негізгі ілтипат ең алдымен, пенденің өзіне қатысты. Егер пенде ешбір діни үгіт-насихатқа селт етпей, ақиқатты ашық түрде кесірлікке бой алдырып мойындамаса, адасушылықты өзіне ту етіп ұстанып, қасарысып тек өз пәлсафасын дұрыс деп, дегенінен қайтпаса, Жаратушы ондай пенденің жүрегіне рухани мөр басады. Яғни, пенденің өз қалауының кесірінен, оған ешқандай үгіт-насихат дарымаған соң ғана Алла Тағала оның жүрегіне мөр басады да, өлгенше хидаятты нәсіп етпейді.


Егер біз: «Пәленшенің жүрегіне мөр басылған, сондықтан ол енді ешқашан иман етпейді» десек, қатты қателесеміз. Асылында, Алла оның жүрегіне мөр басқандықтан иманға келмей жүрген жоқ. Керісінше, оған берілген мөр оның маңдай терімен еңбектеніп тапқан «адал еңбек ақысы» секілді нәрсе. Яғни, әлгіндей жан ақиқатқа, Аллаға мүлде сенбей, көбіне сенгісі де келмей, өзінің пікірін ғана дұрыс деп санағандықтан, оның бетінің бері қарауы мүмкін болмаған жағдайда ғана жүрегіне мөр басылған. Мысалы, Әбу Жәһил, Әбу Ләһаб, т.б. осы секілді мүшріктер өз әрекеттері мен сенімдерін дұрыс деп, сол жолдан бас тартпағандықтан жүректері мөрленген. Олар Хазіреті Пайғамбарымыздың айтқандарының ешбірін қабыл етпей, тіпті Пайғамбарымызды келеке етумен болған. Міне, осындай шектен шыққан жағдайда ғана әлгіндей жандардың жүректеріне мөр басылмақ. Алла Тағала бұл тақырып жайындағы хикметті мына аяттарда білдіреді:


«Күпірліктерін жалғастыру себебімен Алла олардың жүректерін мөрлеген. Сондықтан азы ғана иман етеді»[1].


«(Мұхаммед (с.а.у.)) Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректеріне, құлақтарына мөр басқан. Әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін үлкен азап бар»[2].


muslim.kz


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 2668    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 15:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31