Көлік апатынан сақтанудың екі әдісі

Көлік апатынан сақтанудың екі әдісі

 «Мен көлік артына байланған қызыл шүберектерді жиі көретінмін. Кейде үйлену тойына арналған безендіру шараларынан қалып қойған шығар деп те ойлайтынмын. Алайда, бір күні осындай көліктің иесінен: «Бұны не үшін байлап алғансыңдар?» деп сұрадым. Ол бірден: «Көз тимес үшін ғой, бәле-жаладан, жол апатынан сақтайды», - деп жауап берді.
Таңғалдым! Бұл кішкентай ғана үзілгелі тұрған шүберек адамды қалай сақтасын?! Сау ақылға сыймайды. Мұндай нәрселер бізді ештеңеден де сақтай алмайды. Бәле-жаладан, жол апатынан сақтанудың жолдары мынау:
Ең бірінші, Аллаға тәуекел ету, істі тапсыру. Рөлге отырғанда «Алланың атымен! (Бисмилләһ)» деп айтып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көлікке мінгенде айтатын дұғасын ауызға алу: «Бізге мұны бағынышты еткен Алла пәк. Әйтпесе, біз оның маңына жуи алмас едік. Сөзсіз, біз Жаратушы иеміз жаққа қайтып барамыз».
«Субхаанәл-ләзии сәххара ләнәә һәәзәә, уә мә куннәә ләһуу муқриниийн. Уә иннәә иләә раббинәә ләмунқалибуун» («Зухруф» сүресі,13-аят). Екінші, адам Алладан көмек сұрап қана қоймай, сонымен бірге жол жүру ережелерін жақсы меңгеруі қажет. Себебі, дұғаны айтқаннан кейін ойыңа келгенді жасай беруге болады деген ұғым жоқ. Аллаға мақтау айтып, пана сұрау, жол ережесін сақтау, міне, барлық жамандық пен бәле-жаладан қорғайтын кілт – осы. Шүберек болсын, тас болсын – ешбірі де бізге көмектесе алмайды»

azan.kz сайтының қызметкері Нұрмұхаммед Иминовтің сұхбатынан үзінді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста