Ислам діні

Құрбандық деген тек мал сою емес – бас мүфти

  • https://kaz.zakon.kz/

    https://kaz.zakon.kz/

Құрбандық деген тек мал сою емес. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Желмая" жобасында айтты.

 

Биылғы құрбан - өкілдік құрбан. Яғни, адам баласы құрбандық шалатын кезде жұмыстан шыға алмай, денсаулығына қатысты және сапарда жүруіне байланысты мүмкіндігі болмаса, өкілдік арқылы құрбан шалады. Мысалы, бір кісіге өтініш жасап, қаражатын беріп, құрбандығын шалып беруге өтінеді. Діни басқарма биыл өкілдік құрбандық атқарып беруге жәрдемдесіп жатыр. Оның шариғи атауы өкілдік құрбан болса, қазіргі тілмен қашықтан жасау дейміз. Онлайн деп кетті қазір. Онлайн құрбандық деген атауға ие болды. Сол үшін де түсінбеушілік туындап жатыр. Жалпы, бұл шариғаттың ұстанымында бар дүние,- деді Бас мүфти.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы айтқандай, дін адам баласына не дұрыс, соны бұйырған.

Ислам діні ешуақытта біреуді мәжбүрлемейді. Құрбандық құлшылық тек қуатты адамдарға жүктелген дүние. Не үшін жүктелген? Шамасы келгені үшін. Шамасы келмейтін адамға бұл міндетті емес. Кімге құрбандық шалу міндет? Бір ауыз сөзбен 85 грамм алтыны бар не сол алтынның құны бар адам үшін міндет. Құзыретті ұйымның есептеуінше, ол 1,2 млн теңгесі бар адам. Яғни, құрбандық шалу оған ешқандай қиындық тудырмаса, оған міндет. Ал қалған адамдарға ол міндет емес, - деді ол.

 

Бас мүфти айтқандай, биыл айт намазы жамағатпен оқылмайды.

Пандемияға қатысты адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін осындай шешім қабылданды. Құрбандыққа төрт түлік мал шалынады. Түйе, қой, ешкі және ірі қара. Түйе мен ірі қара малды бір адам немесе 7 адам бірігіп шала алады. Қой мен ешкіні бір адам шалады. Құрбандыққа ешбір мүшесі кем емес, күйі жақсы, таза мал шалыну керек. Құрбандық малының құнын нарық бекітеді. Әр қалада әртүрлі болып отыр. "Зекет" қоры осы шаруаны жүзеге асырып жатыр. Олар шаруа қожалығының иелерімен бір бағаны бекітеді. Себебі құрбан айтының алдында малдың бағасы күрт өсіп кетеді. Мен де малдың бағасын өсірмеу бойынша үндеу жасадым, - деді ол.

 

Бас мүфти айтқандай, құрбандық еті мұқтаж жандарға таратылады.

 

Бұрынғыдай еттің бір бөлігін шалған адамға беру көрсетілмеген. Статистика бойынша құрбан шалушылардан өтініш берушілер саны бірнеше есеге көп. Еріктілер арқылы мұқтаждарға таратылады. Оны бөлшектеу, қоржындарға салу, тоңазытқышта сақтау үлкен еңбек. Мұның барлығы тегін атқарылады. Ауылдық жерде тұрғындар өз үйінің жанында құрбандығын шала береді, - деді ол.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы айтқандай, құрбандықта "қан шығару" міндет.

 

Құрбандық малын сатып алып, үш күннің ішінде оны шала алмай, кейін шалсаңыз, ол садақа болады. Сондықтан құрбан малы үш күннің ішінде шалынуы керек. Пәтуаларға әртүрлі көзқарас болады. Биыл Орта Азия бірігіп Күн шыққаннан бір сағаттан кейін құрбандық шала беруге болатынын жарияладық, - деді ол.

 

Ол атағандай, құрбандық деген тек мал сою емес.

 

"Айттық" деген бар. Айттық деген - сыйлық беру. Бір мұсылман келесі мұсылманған ризалығын білдіріп, әртүрлі сыйлық береді. Менің кішкетай кезімде ауылда қыз балалар орамал тоқып, «айтта сылаймын» деп жататын. Дінімізде де айтта бір-біріңізге сыйлық жасау, айтшылап бару әрекеті мейірімділікті насихаттайды. Қазір де тапсырыс беріп, мекенжайын айтып сыйлық беруге де болады. Айтқа дейін адамдар араздасып қалса, кешірім сұрасып, татулассын дейді. Бұл да үлкен тәрбие, - деді ол.

 

 

baq.kz




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні
    22 Шілде, 15:29
    ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ
    19 Шілде, 23:36
    ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ
    16 Шілде, 15:38
    ДЕРТКЕ ШИПА АЯТТАР
    5 Шілде, 01:05
    Тәні өлген әйел
    20 Маусым, 18:16
    ДЕРТКЕ ШИПА АЯТТАР
    11 Маусым, 10:26
    63 пайғамбар жасы емес
    9 Маусым, 09:55
    ИСЛАМДАҒЫ ТОЙ ӘДЕБІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31