Ислам діні

Марқұм анаң үшін ораза ұстау

  • © osken-onir.kz

    © osken-onir.kz

Сахабалар (р.а.) өз кезегінде марқұмдарға сауабы тиетін қажылық, ораза, нәзір ғибадат, құлды азат ету, дұға, истиғфар және садақа сияқты амалдар хақында Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұраған.


Имам Муслим бас болып көп ғалымдар риуаят еткен кең тараған хадисте Әбу Һурайра (р.а.): «Адам қайтыс болса, амалы тоқтайды. Алайда, үш жолмен: тоқтаусыз садақа (яғни ел игілігі үшін салған көпірі, мешіті, медресесі, мектебі, ауруханасы т.б.), ел пайдаланатын ілімі, артынан қалған ізгі ұрпағының дұғасы (сауап боп) үздіксіз барып тұрады[1]», – деген.


Мұсылман қайтыс болып, жамбасы жерге тигенде өзінің амалы тоқтайды. Ал, перзентінің жасаған дұғасы, өзгелерге берген пайдалы ілімі және тоқтаусыз садақасы арқылы сауап артынан барып тұратыны шүбәсіз. Сонымен бірге, үлкен-кіші қажылық, ораза, нәзір [2] құлшылығы, истиғфар мен дұға тілеу сияқты амалдардың да марқұмға сауабы тиетіндігі хадистерде айтылған. Солардың қатарында ораза да бар.


Мәселен, Ибн Аббас (р.а.) риуаяты. Бір ер кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алла елшісі! Менің анам қайтыс болған, мойнында бір ай ораза қарызы бар еді. Ол кісінің атынан қазасын өтеуіме бола ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әлгі кісіге: «Иә, Алланың қарызы (басқа қарыздардан бұрын) өтелуі тиіс», – деді. Осы хадистің соңында имам Муслим жеткізген хабарда: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол кісіден: «Анаңның (кісілерден алған) қарызы болса, ананың атынан өтер ме едің?» – деп сұрайды. Ол: «Иә», – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың қарызы (басқа қарыздардан бұрын) өтелуі тиіс[3]», – деп жауап берді.


Сағд бин Убада (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Анам бақилық болғанда, өтелмей қалған нәзір оразасы бар еді. Анамның атынан қазасын өтесем болады ма?» – деп сұрайды. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Анаңның атынан (нәзір оразасының) қазасын өте», – деп жауап берген екен[4].


Ескере кететін жайт, бұл хадистерде айтылып тұрған мәселе – парыз немесе нәзір оразаларын белгілі себептермен өтей алмай қайтыс болған адамдар жайында. Ал, ешуақытта ораза тұтпаған адамның атынан ораза ұстау деген шариғатта жоқ. Сонымен қатар, намаз марқұмның атынан орындалатын және сауабы бағышталатын құлшылықтар қатарына жатпайды.


[1] Сахих Муслим 3/1255, Термизи 3/660, Әбу Дауд 3/117, Муснад Ахмад 5/269.

[2] Нәзір – бір қайырлы іс ойдағыдай жүзеге асса, Алла ризашылығы үшін ғибадаттың бір түрін орындауды уәде ету. Мәселен, «аурудан айықса, бір малды құрбан етемін немесе ағам сапардан аман-есен келсе бір апта ораза тұтамын» деген сияқты.

[3] Сахих Бухари 2/690, сахих Муслим 2/804

[4] Әбу Дауд, 3/236


muslim.kz

 




Көрілген: 1268    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31