Митингке шығуға қатысты шариғат не дейді?

Митингке шығуға қатысты шариғат не дейді?

Митингке шығуға шариғатта рұқсат етілген бе? Ислам діні бұл жайында не дейді? Бұл сұраққа дінтанушы Мұхиддин Паттеев Исаұлы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

- Қарсылық таныту болса, ол исламда жоқ нәрсе. Исламда ондай нәрсеге рұқсат жоқ. Мемлекеттің басшысы ислам бойынша сайлау арқылы, халық сайлайды. Халықтың сайлаған нәрсесіне, өзі қарсы шығу ол қолын өзіме кескенімен бірдей. Қазір билікте отырған кім? Кешегі халықтың арасында жүрген адамдар ғой. Бір хадисінде пайғамбарымыз: “Қандай болсаңдар, солай басқарыласыңдар”, - деген.

Құранда Алла тағала: “Бір қауым, бір ел өздері өзгерейінші деп өзгермегенше, мен оны өзгертпеймін” - деген.

Халықтың өзі анадай болып жатқандықтан, билік өзгермейді. Халықтың ішінде кейбір жандардың өзі жемқор болып, адал болмаса отбасындағылар да сондай болады. Халық өзін жөндесе, балаларын, ұрпақтарын жақсылап оқытса, иманды қылып, құдайдан қорықатын қылып тәрбиелесе деймін.

Қазір құдайдан қорықпайтындар көп. Қазақ “Құдайдан қорықпағаннан қорық”, - дейді. Олар құдайдан қорықпағаннан кейін бәленің бәрінің істейді. Құдайдан қорықатындарды тәрбилесек, ата-бабамыз сияқты. Абылай хан сияқты, Төле би сияқты, ақиқатты бетке айтатын Бауыржан Момышұлы сияқты қылып тәрбиелесек болады.

Бүгінгі халық “билік андай, билік мындай”, - дегеннің орнына ұрпағын жақсы етіп тәрбилесе солардан нағыз әділ болады.

Көтеріліс жасап, оның барлығын біреулер пайдаланады. Біреу барып біреуді өлтіреді. Біреу милицияның киімін киіп алып, провакация жасайды, содан барып елдің бәрі быт-шыт болмай ма? Мысалыға Қырғыз елін алып қарасақ, ол жақта 3 рет төңкеріс болды. Содан өзгеріс болды ма? Ештеңе өзгерген жоқ. Ол нәрсе бізде де өзгермейді.

- Билікке неге қарсы шығасың? Президент кетті, енді не дейсің? Енді өзің әділ сайлау жаса. “Әділ сайлау болмайды” – дейді. Әділ сайлаудың болмайтынын қайдан білесің? Тоқаев “әділ сайлау жасаймын”, - деп отыр ғой.

Тоқаевқа Еуропа сеніммен қарайтын адам, осы уақытқа дейін ол кісі таза жұмыс жасаған адам. Ол кісі келді де бірден аналарға жәрдем берді, сәбилерге жәрдем берді. Ол кісі қазақ тіліне мән беріп жатыр, домбыраға мән беріп жатыр оның үстіне киелі жерлерге мән беріп жатыр. Сондай президент “әділ сайлау жасаймын”, - деп айтып отыр ғой.

Исламда президентке қарсы шығу деген жоқ, бірақ ақиқатты айту деген бар. Ақиқатты айтатын болсаң әлеуметтік желі бар қазір, қалауыңды айт. Міндетті түрде көшеге шығып айту керек пе? Әділдігіңді айт, өзіңді көрсет. Ұрпағыңды жақсылап тәрбиеле, өзіңді жақсылап тәрбиеле. Ұрпағыңды жақсылап тәрбиелесең, оның өзі ақ ертең үкіметтің басында отырады ғой.

Аллаға шүкір бәрі жақсы, халықтың өзі ойланды. Көшеге 5,6 адам шықты деген сөз, бүкіл халық шықты деген сөз емес. Халық та біліп отыр, сабыр сақтайық деп отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста