Ислам діні

Монсеньор Халед Акаше: Дін көшбасшыларының VII съезін асыға күтеміз

  • Монсеньор Халед Акаше: Дін көшбасшыларының VII съезін асыға күтеміз

    Монсеньор Халед Акаше: Дін көшбасшыларының VII съезін асыға күтеміз

Елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысында Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің ислам жөніндегі бюро басшысы Монсеньор Халед Акаше Қазақстанның діни диалог орнатуға қосқан үлесін еекше бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шын мәнінде әр адам – құдіретті және жомарт жаратушымыздың шексіз байлығы мен ерекше жомарттығының куәсі. Біз осы ортаға қайта келіп, кездесудің сәті түскеніне қуаныштымыз. Бірақ, әрине, құзыретті органдардың барлық қажетті ұсыныстарын орындап отырмыз. Жоғары мәртебелі Мәулен Әшімбаев мырзаға ізгі тілегімді білдіргім келеді», - деген дін өкілі өз дұғаларын пандемиядан зардап шеккендердің бәріне бағыштайтынын айтты.

«Пандемия адамзатқа, мемлекеттерге, діни қауымдастықтарға, баршамызға денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік келісім немесе ынтымақтастық сияқты өміріміздің көптеген салаларындағы шектеулер мен кемшіліктер туралы білуге мүмкіндік берді. Дін көшбасшылары мен олардың артында тұрған қауымдастықтар пандемиядан зардап шеккендерге тілектестік білдіреді», - деді Монсеньор Халед Акаше. Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің ислам жөніндегі бюро басшысы осындай күрделі кезеңде дәстүрлі съездің өтуіне күш сала білген Қазақстан басшылығына алғысын айтты.

«Біз VII съезді асыға және үмітпен күтеміз, жоғары мәртебелі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға съезге бастамашылық жасағаны және батыл қолдау көрсеткені үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Қазіргі Президент, жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы хатшылықты басқарып, өзінің даналығы мен дарынын дінаралық және мәдениетаралық үнқатысудың игі ісіне жұмсады», - деді дін өкілі.
ҚазАқпарат




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 13:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31