Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға ұсыныс бере алады

24 шілде 2020, 16:19

Мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға ұсыныс бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, ҚМДБ наиб имамы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы айтып берді. Енді елімізде мұқтаж адамдар онлайн сұраныс беріп, құрбандыққа шалынған мал еті ала алады.

"Құрбан етін алу үшін өтініш қалдыру ұяшығы мұқтаж жандарға арналады. Бірінші өңірді таңдайсыз. Өңірге келіп өтініш түседі. Ол жерге бүкіл құжаттарды тіркегеннен кейін, әлеуметтік аз қамтылған жағдайы нашар отбасылар мен мұқтаж жандардан мұқтаждығы жөнінде құжат тіркеуі сұралады. Өтініш сайтқа түскеннен кейін мұсылмандар діні басқармасы осы онлайн құрбандық барысында сойылған етті еріктілер топтары арқылы мұқтаж отбасыларға таратып береді", - дейді Ершат Оңғаров.

Наиб имам құрбандық шалуға қаражатты каспий банк арқылы төлеуге болатынын айтты.

"Онлайн құрбандық биыл тарихта алғаш рет орын алып отыр. Сол себепті каспий банк арқылы ғана жүзеге асады. Биылғы жылы қиын болмау үшін бір ғана банк арқылы төлем жасауға болады", - деп түсіндірді Ершат Оңғаров.