Мұсылманның ең құнды нәрселері не?

Мұсылманның ең құнды нәрселері не?

Иә, көптеген хадис шәрифтер бар.Алайда, хадис шәрифтермен тура амал ету біздерге жаиз емес. Қате түсінуге себеп болуы мүмкін. Қажетті діни білімдерді фиқһ кітаптарынан үйрену керек. Бір амалдың құнды болуы жағдайға, заманға және адамның жағдайына да байланысты.

Сондықтан «Ең құнды амал мынау» деп нақты бір амалды айтуға болмайды. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең құнды амалдарды сұрағандардың жағдайларына және шарттарына қарап білдірген. Мысалы, азық-түлік, тағамдар мол болған, бірақ су болмаған жерде шөлден қиналған адамға бір кесе су беру, көп нан беруден құнды болады. Құнды амалдардың кейбірлері хадис шәрифтерде былай білдірілген:

 

«Еңқұнды амал – иман. Еңқұнды иман – Алланы естен шығармау.» (Табарани)

«Еңқұнды амал – біреуді Алла үшін жақсы көру, Алла үшін жек көру.» (И.Ахмед)

«Намаздан кейінгі еңқұнды амал – ата-анаға жақсылық жасау.» (Мүслим)

«Намаздан кейінгі еңқұнды амал – зекет.» (Табарани)

«Еңқұнды амал – зікір. Ал еңқұнды зікір – лә илаһә иллаллаһ деп айту.» (Табарани)

«Еңқұнды амал – Аллаға жақсы ойда болу.» (Бәғауи)

«Еңқұнды амал – халал табыс.» (Ибн Лал)

«Еңқұнды амал – сәлемдесуді жаю.» (Бәриқа)

«Еңқұнды амал – Құран оқу.» (Ибн Қани)

«Еңқұнды амал – қиыншылыққа сабыр ету.» (Тирмизи)

«Еңқұнды амал – жақсы ниетті болу.» (Хаким)

«Еңқұнды амал – нәпіске қиын болғаны.» (И.Ғазали)

«Еңқұнды амал – бәрі ұйықтап жатқанда түңгі намаз оқу.» (Ж.Жолы)

«Еңқұнды амал – уақытылы оқылған намаз.» (Әбу Дауд)

«Еңқұнды амал – бір мүминнің айыбын жасыру, қарнын тойдыру немесе бір қажеттілігін кетіру арқылы оны қуанту.» (Исфәхани)

«Еңқұнды амал – сені іздемегенді іздеу, сені мақрұм қалдырғанға беру, саған жаман мәміле көрсеткен адамға кешірімді мәміле көрсету.» (И.Ахмед)

«Еңқұнды амал – аш болған кедейді тойдыру, қарызын өтеу немесе бір қиыншылығын шешіп беру.» (Табарани)

«Еңқұнды мүмин – Алланы көп еске алған мүмин.» (Тирмизи)

«Еңқұнды мүмин – кедей деп мән берілмейтін адам.» (Дәйләми)

«Еңқұнды мүмин – оны көрген кезде Алла Тағала еске түсетін кісі.» (Хаким)

«Еңқұнды мүмин – жоқ кезінде оны ешкім іздемейтін, сұрамайтын, бар кезінде құрмет көрсетілмейтін адам.» (Әбу Нуайм)

«Еңқұнды мүмин – діні үшін туған жерін тастаған жат елдік адам.» (Ибн Мажа)

«Еңқұнды мүмин – аз жеп, денесі әлсіз, арық болған адам.» (Дәйләми)

«Еңқұнды мүмин – бала-шағасына пайдалы болған адам.» (Табарани)

«Еңқұнды мүмин – айналасындағылардан бәрінің оныңқолынан, тілінен саламатта, сақ болған адам.» (Мүслим)

«Еңқұнды мүмин – өмірі ұзақ, амалдары жақсы болған кісі.» (Тирмизи)

«Еңқұнды мүмин – жұбайына ең жақсы, ең мейірімді қарым-қатынас жасаған адам.» (Тирмизи)

«Еңқұнды мүмин – жақсылық күтілетін, жамандығы тиметініне сенімді болған адам.» (Тирмизи)

«Еңқұнды мүмин – қанағат ететіні, ал ең жаманы – ашкөзді болған адам.» (Қудаи)

«Еңқұнды мүмин – онымен оңай тіл табысып кететін адам.» (Бәйһақи)

«Еңқұнды мүмин – Құранды үйренген және үйрететін адам.» (Бұхари)

«Еңқұнды мүмин – қарызын ең жақсы түрде өтейтін адам.» (Нәсаи)

«Еңқұнды мүмин – мінезі ең жақсы болған адам.» (Бұхари)

«Еңқұнды мүмин – ас беретін адам.» (Хаким)

«Еңқұнды мүмин – сирек ашуланып, тез басылатын адам. Ал ең жаманы – тез ашуланып, қиын басылатын адам.» (Тирмизи)

«Еңқұнды мүмин – дүниесі үшін ахиретін, ахиреті үшін дүниесін тәрк етпейтін адам.» (Хатиб)

«Еңқұнды мүмин – сабырлы, жомарт және қамқор болған адам.» (Дәйләми)

«Еңқұнды мүмин – ең ақылды болған адам.» (И.Ғазали)

«Еңқұнды мүмин – малымен, жанымен Алла жолында жиһад еткен адам.» (Бұхари)

«Еңқұнды мүмин – хикметті сөзді үйреніп, басқаларға үйрететін адам.» (Ибн Асакир)

«Еңқұнды садақа – ілім үйреніп, басқасына да үйрету.» (Ибн Мажа)

«Еңқұнды садақа – су беру.» (Нәсаи)

«Еңқұнды садақа – аш болған жандыны тойдыру.» (Бәйһақи)

«Еңқұнды садақа – екі кісіні жарастыру.» (Табарани)

«Еңқұнды садақа – тілін тию.» (Дәйләми)

«Еңқұнды садақа – жасырын берілгені.» (Табарани)

«Еңқұнды садақа – өзін жақтырмайтын жақынына берілгені.» (Табарани)

«Еңқұнды садақа – Алла разылығы үшін досына қызмет ету.» (Адий бин Хатем)

«Еңқұнды садақа – өз қажеттілігінен артылғанын беру.» (Бұхари)

«Еңқұнды садақа – Рамазан айында берілгені.» (Тирмизи)

«Еңқұнды жиһад – Алла жолында нәпіске қарсы жасалғаны.» (Әбу Дауд)

«Еңқұнды жиһад – парыздарды орындау.» (И.Ахмед)

«Еңқұнды жиһад – малымен, жанымен мүшриктерге қарсы күресу.» (Нәсаи)

«Еңқұнды табыс – өз еңбегімен табылғаны.» (Ахмед)

«Еңқұнды сүре – Фатиха.» (Хаким)

«Еңқұнды намаз – парыздардан кейін тұратын, тәһәжжүд намазы.» (Мүслим)

«Еңқұнды намаз – Жұма күні жамағатпен оқылған таң намазы.» (Бәйһақи)

«Еңқұнды тәсбих – “Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһәиллаллаһу уаллаһу әкбар”.» (Мүслим)

«Еңқұнды ғибадат – фиқһүйрену.» (Табарани, Әбушшәйһ) «Еңқұнды ғибадат – дұға.» (Хаким)

«Еңқұнды дұға – Арапа күні жасалғаны.» (Бәйһақи)

«Еңқұнды дұға – кешірім тілеу.» (Тирмизи)

«Еңқұнды уақыт – түннің екінші жартысы.» (Табарани)

«Еңқұнды есім – Абдуллаһ және Абдуррахман.» (Мүслим)

«Еңқұнды жерлер – мешіттер. Ал ең жаман жерлер – базарлар.» (Табарани)

«Еңқұнды ораза – Дауд алейһиссаламның оразасы. Ол бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын еді.» (Мүслим)

«Еңқұнды иман – тағдырға разы болу.» (Әбу Нуайм)

«Еңқұнды мінез – ешкім зиян көрмесін деп үндемей тұру.» (Ибн Мүбәрәк)

«Еңқұнды ас – айналасында көп қол созылған тамақ.» (Табарани)

«Еңқұнды үй – ішінде жетімге сый-сияпат көрсетілетін үй.» (Бәйһақи)

«Еңқұнды қазына – салиха әйел.» (Хаким)

«Еңқұнды іс – уасат (орта жолда) болғаны.» (Бәйһақи)

«Еңқұнды дос – Алланы еске алғанда жәрдем беретін, ұмытқанда саған еске түсіретін адам.» (Хаким)

«Еңқұнды дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, ал амалы ахиретті еске түсіретін адам.» (Хаким)

«Еңқұнды әйел – намысын қорғаған, көзі сыртта болмаған әйел.» (Дәйләми)

«Еңқұнды әйел – өзін күйеуіне жақсы көргізген, онымен жақсы қарым-қатынас жасаған және тіл табысқан әйел. Ал ең жаманы – ашық-шашық киінетін, тәкәппарланатын әйел.» (Бәйһақи)

 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста