Мұсылманша түс жору

Мұсылманша түс жору

Ислам дінінде қашан да болмасын түске және оның адам тәрбиесіндегі рөліне үлкен мән берілген.
Ұсынып отырған түс жоруымыз түске, оның мән-мағынасына бей-жай қарамайтын жандар үшін қызықты әрі пайдалы болмақ.

А

Адамдар (көпшілік) &ndash түсте көпшілік қауымды көрсеңіз, көре алмайтын әрі екіжүзді адамдардың соңынан ересіз.

 
 
Адасу, қателік &ndash адам түсінде қателессе не жолдан адасса, онда бұл оның тура жолдан ауытқуын білдіреді.

Ай &ndash түстегі ай мен күн &ndash ата-ананың белгісі. Егер ай мен күн сізге иілсе, ата-аныңыздың разы болғаны. Сырқат адам толған ай көрсе өмірі ұзарады. Ал керісінше жағдай ғұмырының қысқа боларының белгісі.

Айна &ndash ол әйеліңіз. Егер ер адам түсінде айнаға қараса және түс көрген уақытында жұбайының аяғы ауыр болса, өзіне ұқсайтын ұл бала дүниеге келеді. Егер әйелі жүкті болмаса не бойдақ болса, мұндай түс қызметінен босайтынын білдіреді.

Акула &ndashжақын күндері жасырын не қас дұшпанмен кездесетініңізді білдіреді.

Аққу &ndash адал жолмен бай-бақуатты болу.

Алақан, білек &ndash ер адамның күш-қуаты. Ашық алақан молшылықта өмір сүруді аңғартады.

Алмаз, гаухартас &ndash отбасылық қуаныштың белгісі.

Алмұрт &ndash түсте алмұрт жеу &ndashденсаулығыңыздың біраз уақыт сыр беретінінің белгісі.

Алтын &ndash қайғы-мұңнан арылу, қуаныш белгісі.

Ананас &ndash түсіңізде ананас көрсеңіз, бастаған ісіңіз табысты болмақ.

Арал &ndash түсіңізде арал көрсеңіз, өміріңізде оң өзгерістер мен қызықты саяхат күтілуде.

Арыстан, жыртқыштар &ndash мұсылман қауымынан алыстаған имансыз адамдар.

Асүй &ndash таза, кең әрі жинақы асүй әйеліңіздің тазалығы мен инабаттылығын білдіреді.

Аспан &ndash аспаннан от жауса халық індет, қаза не тауардың қымбаттауы сынды бақытсыздыққа душар болады. Аспан &ndash басшының белгісі. Арқанның не баспалдақтың көмегімен көкке көтерілсеңіз, билікке қол жеткізесіз. Көкке жақындау &ndash Аллаға жақындаудың нышаны.

Ауру &ndash екіжүзділікті не діни ережелерінің толық орындалмауын білдіреді.

Аурухана &ndash егер түсіңізде аурухана көрсеңіз немесе ондағы ауырған адамның  жағдайын сұрап жатсаңыз,  ол жақсылықтың нышаны; болашақта жеке өміріңізге табыс, қуаныш және сәттілік әкеледі.

Ауа &ndash таза ауа жан тыныштығын білдіреді.

Аштық &ndash мал-мүліктен не ақшадан айырылу. Сонымен қатар түстегі аштық мақсатқа жетуге талпынысты білдіруі мүмкін.

Аю &ndash ақымақ әрі қолының жымысқысы бар дұшпан.

Аяқ &ndash адамның өмірдегі тұрақтылығы мен табандылық танытуы.

Аяқ киім &ndash аяқ киім жоғалту &ndash ажырасуды білдіреді. Аяқ киімді сату &ndash жұбайыңыздың қазасына жорылады. Бәтеңке кию &ndash саяхатқа аттану. Тар аяқ киім кию &ndash жоқшылық не түрменің белгісі. Түсіңізде жаңа аяқ киім кисеңіз, жәннаттық боларыңызды аңдатады. Ескі, киілген аяқ киім кисеңіз, балалы әйелге үйленесіз.

Б

Банан &ndash береке мен денсаулықтың белгісі.

Байлық &ndash егер түсіңізде бай екеніңізді көрсеңіз, азға қанағат етуді үйренесіз.

Бақ, бау-бақша &ndash денсаулық пен береке-байлық.

Бал &ndash шариғатқа сай жолмен қол жеткізген байлық.

Баспалдақ &ndash жетістікке, мәртебеге қол жеткізудің амалдары.

Батыр &ndash түсте өзіңізді батыр кейіпінде көру сәттілік, табыс пен жеңісті білдіреді.

Бейіт, зират, мазар &ndash түрме. Бойдақ адам түсінде зират қазса, таяу күндерде үйленеді. Егер отбасылы болса, өмірі ұзарады.

Бесік &ndash түсінде бесік көрген адам игі істермен айналыса бастайды.

Бұлт &ndash адамдарға ақиқатты көрсетіп, құтқаратын Ислам дінін және діни ілімді аңғартады.

Бұршақ &ndash бұл денсаулық, жақсы орта мен жемісті еңбек.

Бұрыш &ndash бұрыш көрсеңіз не жесеңіз, ақша жинайсыз.

Бөлме &ndash қауіпсіздік белгісі.

Бөшке &ndash түсіңізде іші толы бөшкені көрсеңіз, үйдегі молшылықтың белгісі;  ал егер бос бөшкені көрсеңіз,  залал немесе басқа да келеңсіз жағдайларды білдіреді.

Бүркіт, қыран &ndash басшы. Сонымен қатар ұзақ өмір, байлық, кейде соғысты білдіруі мүмкін.

 

Г

Гүл шоғы &ndash егер түісңізде гүл шоғын көрсеңіз, жарқын болашаққа жол ашады;  ал егер солған гүл шоғын көрсеңіз, жақын адамыңыздың опасыздығын байқайсыз.

 

Д

Дәрі &ndash түсінде дәрі қабылдаған адамның денсаулығы өмір бойы сыр бермейді.

Дәрігер &ndash егер ауру адамға түсінде дәрігер келсе, ауруынан толықтай айығады; ал сау адамға келген дәрігер аурудың белгісі болып табылды.

Демалу, тыныштық &ndash шаршағаннан соң демалу &ndash кедейліктен кейін байлыққа кенелу.

Денсаулық &ndash Алланың мейірімін, дінді дұрыс ұстануды әрі аурудан айығуды білдіруі мүмкін.

Дос &ndash түсте досыңызды көру жағымды сырласуды аңғартады.

Дуал, қабырға &ndash түсіңізде қабырғаға не дуалға сүйеніп тұру &ndash өмірде ықпалды адамға  бағынышты болуды аңғартады.

Дұға &ndash түсінде Аллаға қол жайып, дұға жасасаңыз не өзгелер сіз үшін дұға жасаса, бақытқа кенелесіз. Сонымен қатар дұға қарыздан арылуды аңдатады.

Дүкен &ndash дүкен мен базар &ndash байлықтың белгісі.

 

Е

Егеуқұйрық &ndash ұрыға ұшырасатыныңыздан сақтаныдырады.

Елік, киік &ndash іс-әрекетін түсініп болмайтын біртүрлі адамен кездесу.

Ерін &ndash адамның көмегі. Түсінде ерінінің кесілгенін көрген адам өмірде көп ғайбат айтады.

Есек &ndash саяхат. Бұған қоса есек білімін жүзеге аысра білмейтін ғалымды аңғартады.

Есік &ndash түсіңізде ашық есік көрсеңіз, ол табыс көзін білдіреді.

Есінеу &ndash түсінде есінегенін көрген адам өңінде бұрыс әрекетімен шайтанды қуантады.

Ет &ndash несібе мен береке.

 

Ж

Жаза (күнәсі үшін) &ndash жазаға ұшыраған әрі жазалаушы адам үшін де мұндай түс оның иманын, дін ережелерін ұстануын білдіреді.

Жазушы &ndash кітап жазып отырған адам көрсеңіз, өңіңізде бұрыс іс-әрекетке куә боласыз.

Жалғыздық &ndash адамның қызметі мен ой-пайымының дербестігі.

Жалын &ndash денсаулығыңызға не өміріңізге залалын тигізуі мүмкін жағымсыз жаңалық.

Жаңбыр &ndash залалсыз жаңбыр &ndash береке, несібе мен рахымның белгісі. Егер жаңбыр залалды болып, аспаннан тас түсіп не қанды жаңбыр жауса, ол күнә мен Алланың тыйымдарына құлақ аспаудың белгісі болып табылады.

Жаңғақ &ndash жасыл әрі құрғақ бадам жаңғағы &ndash жасырылған байлық. Грек жаңғағы дау-дамай, қиындықпен қол жеткізген мал-мүлікті аңғартады.

Жеміс-жидек &ndash тәтті жеміс-жидек &ndash мол несібе, пайдалы ілім мен табыс.

Жер сілкінісі &ndash үйредің белгісі.

Жоқтау &ndash түсіңізде таныс адамыңыз қаза тауып, адамдар жоқтап жыласа, танысыңыздың сізге кек сақтап жүргенін білдіреді. Түстегі жоқтау &ndash той-думанның нышаны.

Жол &ndash жалғыз жол &ndash Исламдағы шариғаттың белгісі. Түрлі жолдар &ndash Исламға жаңалық енгізу (бидғат).

Жөтел &ndash шағымдануды білдіреді. Тұншығып жөтелу &ndash өлімнің нышаны.

Жұлдыз, ғаламшар &ndash ақсүйек адамды аңғартады. Егер адам өз үйінен жұлдыз көрсе әрі ол жарқырамаса, беделді адамдардың барлығының бақытсыздыққа душар болатынын аңдатады.

Жүгері &ndash сапасыз мүлік.

Жүзу &ndash түсінде көлде шебер жүзе білсеңіз, өмірде үлкен істі қолға алып, соңына жеткізіп, мәртебе мен құрметке иеленесіз.

Жүзім &ndash піскен жүзім денсаулық пен бақытты өмірдің нышаны.

Жүктілік &ndash егер түсінде әйелі жүкті екенін көрсе, өмір ағымынан игілік күтеді немесе жақсы хабар алады. Егер тұрмыс құрмаған қыз немесе бойжеткен түсінде жүкті екенін көрсе, жақында тұрмысқа шығады.

Жылан &ndash бұл ауқатты дұшпан. Түсіңізде үйіңізге жылан крісе, ол дұшпаныңыздың сізге тұзақ құрғанын аңғартады. Егер жыланды өлтірсеңіз, дұшпаныңызды жеңесіз.

Жылқы, ат &ndash түсіңізде көрген жылқының құйырығы ұзын болса, соңыңыздан ерушілердің көп боларын аңғартады. Ал қысқалығы керісінше жорылады. Ат үстінде отырып намаз оқу не қанатты ат көру ек дүниеде де мәртебеңіздің биік боларын білдіреді.

Жіп &ndash түсте жіп есу &ndash жақын арада саяхатқа аттанудың, ісіңіздің жеңілдеуінің белгісі.

 

З

Зәйтүн &ndash береке-байлық. Ал зәйтүн ағашы &ndash өз отбасына пайдас мол бақытты әрі жақсы адам.  

Зинақор &ndash түсіңізде зинақормен араласу &ndash бес күндік жалған, жақсы өмі сүруге талпынудың белгісі. Зинақормен зина жасаған адам қиындыққа, сынаққа душар болады.

Зығыр &ndash зығырдан тігілген киім кию &ndash адал жолмен ақша табу.

 

И

Имансыз адам &ndash дұшпан. Имнасыз қарт ежелгі дұшпанды білдіреді.

Ине &ndash түсіңізде ине сынып қалса не қолыңыздан түсіп кетсе, бастаған ісіңіздің сәтсіз боларынын білдіреді.

Иіс &ndash жақсы әрі хош иіс  &ndash жақсы сөз бен істің, мақтаудың белгісі. Ал жағымсыз иіс болса, барлығы керісінше.

 

К

Кедейлік &ndash байлықтың белгісі.

Кеме &ndash биліктегі адамдарға жақындауды, қауіптен арылуды аңғартады. Кейде ол уайым-қайғыны білдіруі де мүмкін.

Кене &ndash реніш, түңілу пен қорлық көру.

Керуен &ndash сәтті әрі табысты сауда белгісі.

Кешірім сұрау &ndash түсіңізде әлдекімнен кешірім сұрасаңыз, досыңызды жоғалтасыз.

Кит, үлкен балық &ndash үрей, бақытсыздық пен ашу-ызаны білдіреді.

Көбелек &ndash өмірдегі ұшқалақтығыңызды білдіреді.

Көгершін &ndash бұл сүйікті әйел. Кімде кім түсінде көп көгершін ұстап алса, өңінде бақуатты адамдардың қаржылай көмегіне ие болады.

Көз &ndash адамынң Тура жолды адасушылықтан ажырата білетін сенімі мен ақылын аңдатады. Денеңізде көп көз болса, ол &ndash иманның, тақуалықтың артуы. Көру қабілетінен айырылу &ndash Алланың жазасына ұшыраудың белгісі.

Көкек &ndash түсінде көкек көрген адам үйіне ұры түсуінен сақ болуы қажет.

Көкнар &ndash көңіл-күйдің не денсаулықтың жақсаруы.

Көкөніс &ndash қиын әрі ауыр еңбек арқылы аздаған нәпақа табу.

Көл &ndash күшті билік иесін аңғартады. Алыстан теңіз көрсеңіз, бақытсыздық пен бүлікке куә боласыз.

Көпір &ndash о дүниеде адамның құтқарылуына сеп болатын барлық амалды және осы дүниедегі қажуды білдіреді.

Көтерілу, биікке шығу &ndash түсіңізде биікке шығу &ndash ұлылық, ал төмен түсу &ndash құлдырау. Тауға не басқа да биікке шықсаңыз , мақстаыңызға қол жеткізесіз.

Күйеу жігіт &ndash егер түсіңізде өзіңізді күйеу жігіт ретінде көріп, қалыңдық таныс болса, байлыққа кенелесіз, шаңырақ көтересіз не мәртебеңіз өседі.

Күл &ndash мағынасыз сөз бен іс-әрекет.

Күмбез &ndash әйелдің белгісі.

Күн тұтылуы &ndash адамдардың бақытсыздыққа душар болуы мүмкін екендігі жайында Алланың ескертуі.

Кілем &ndash молшылықта өмір сүру, ұлылық.

Кір жуу &ndash бақытсыздық пен уайым-қайғыдан арылу.

Кітап &ndash күш-қуат пен ұлылық.

 

Қ

Қағба &ndash мұсылмандардың басшысы. Түсінде қағбаның ішінде намаз оқыған адам өңінде дұшпандарынан зиян көрмейді және береке-байлыққа қол жеткізеді.

Қаз &ndash әдемі әйелдерді білдіреді. Сонымен қатар түсіңізде қаз көрсеңіз, таяу күндері қуанышты жаңалық естисіз.

Қайшы &ndash әлдекіммен серіктестікті аңдатады.

Қан &ndash заңсыз әрі әділетсіз жолмен ақша табу.

Қап &ndash толы қап &ndash байлық пен молшылықтың нышаны. Бос болса, бастаған ісіңіздің өнімсіз әрі нәтижесіз боларын білдіреді.

Қарлығаш &ndash Аллаға мойынсұнып, ұдайы құлшылық ететін, көп жақсылық пен игі іс жасайтын адам.

Қару &ndash жеңіс, Алланың жәрдемі.

Қарыз &ndash түсте әлдекімнен қарыз алу қызметіңіздегі жағымсыз жағдайды, өз ісіңізге разы болмауды аңғартады. Ал біреуге қарыз беру &ndash қызметіңіздің сәтті болуының нышаны.

Қасқыр &ndash ұрлықты аңғартады.

Қиыршық тас &ndash байлық.

Қой &ndash егер түсіңізде қой иеленсеңіз, өңіңізде байлықпен билікке ие боласыз.  Түсіңізде қой немесе басқа да жануарды құрбандыққа шалсаңыз, онда ауруыңыздан айығып, қарызыңыздан құтыласыз және де материалдық жағдайыңыз жақсарады. Егер адамды түсінде қошқар сүзсе, ол адамды біреу қатты қорлайды.

Қойшы &ndash билік иесі.

Қолтырауын &ndash дұшпан.

Қонақ &ndash ұл баланың дүниеге келуі жөніндегі қуанышты жаңалық. Ал түсінде қонақ көрген адамның жары жүкті болмаса, онда ол жақын арада Алладан несібесін алады.

Қорған &ndash діни ілім, Құранның, шайтанның және оның әскерлерінен қорғаларыңыздың белгісі.

Қоян &ndash қорқақ адамды білдіреді. Сонымен қатар қоян не пайдасы, не зияны жоқ әйелді білдіруі мүмкін.

Көбік &ndash су бетіндегі көбік пайдасыз дүниенің, істің нышаны.

Қуаныш &ndash сәтсіздік пен келеңсіз оқиғалардың белгісі.

Құдық &ndash түсінде үйінен не ауласынан құдық көрген адам молшылықта өмір сүреді.

Құм &ndash құм көрсеңіз, жолға шығасыз.

Құмырсқа &ndash әлсіз, қауқарсыз халық. Сырқат адам денесінде құмырсқа жүргенін көрсе, бақилық болады.

Құран &ndash түсіңізде Құран оқысаңыз, өңіңізде жеңіске жетіп, қуанышқа бөленесіз. Сырқат адам Құран оқығанын көрсе, Алла оны ауыруына шипа береді.

Құстар &ndash билік, ұлылық пен сұлулық, ал саудагер үшін &ndash табыстың  нышаны.

Қыз &ndash түсте қуанышты, көңілді қыз көрсеңіз, ол махаббат, шаттық, табысты аңғартады. Ал көңілсіз, ашулы қызды көрсеңіз, жағымсыз хабар естисіз.

Қызғаныш, көре алмаушылық &ndash бұл қызғанушы адамның азғындығы мен көре алмаушылыққа душар болған адамның тақуалығы.

Қылыш &ndash билік пен ұл бала. Түсте қылышпен жүру жақын арада биік лауазыма ие болатыныңызды білдіреді.

 

М

Май &ndash өсімдік майы &ndash адал жолмен табылған байлықтың нышаны. Денеңізге май жақсаңыз, дертіңізден айығасыз.

Маймыл &ndash дұшпан, күнә не Алланың қаһарына ұшырататын іс.

Маса &ndash әлсіз әрі адамгершілігі төмен адам. Егер әлдебір жерге маса қаптаса, сол аймақтағы тұрғындар саны артатынын білдіреді.

Мастық &ndash ішімдік ішіп мас болу мемлекет арқылы байлыққа кенелуді білдіреді. Ал ішімдіксіз мас болу уайым-қайғының нышаны.

Махаббат (құмарлық) &ndash сынақ. Түсіңізде әлдебір қызға ғашық болсаңыз, алдыңызда сынақтар күтіуде.

Мейіз &ndash пайдалы несібе.

Мейрам, мереке &ndash түсіңізде әлдеқандай мерекені тойлап жүрген болсаңыз, қиындықтан арылып, қуаныш пен шаттыққа бөленесіз.

Мешіт &ndash үйіңіз мешітке айналса құрметке ие болып, Ақиқатты таратасыз.

Ми &ndash залалдан қорғалған байлық.

Молшылық &ndash қиындықтан кейінгі жеңілдікті және қарыздан құтылуды білдіреді.

Мұз &ndash түсте мұз көру жақсылықтың белгісі емес. Ол сәтсіздікті, уайым-қайғыны білдіреді.

Мылқаулық &ndash иманның әлсіреуі мен ғайбат сөйлеу.

Мысық &ndash кітаптың белгісі. Кей адамдар мысықтың үйдегі тыныштықты білдіретінін айтады.

 

Н

Найзағай &ndash адасудан кейін ақиқат жолға түсу.

Намаз &ndash өз еркімен немесе сүннет намазын оқу &ndash адамның иманының беріктігінің, сүннетке сай өмір сүруі мен Алланың махаббатының белгісі.

Неке &ndash барлық алаңдаушылықтан құтылудың бір белгісі.

 

О

Ойын &ndash қулық пен өтіріктің, келемеждің белгісі.

Орман &ndash орман көру не орманда жүру &ndash есен-саулық, гүлдену.

От &ndash соғыс, қиыншылық, бүлік пен қазаның белгісі.

Отбасы, балалар &ndash жақсы өмір сүруге жетерлік қаражатты білдіреді.

Отын &ndash жала жабу мен өсек-аяң. Оған қоса отын ақымақтық пен сараңдықты білдіреді.

 

Ө

Өзен бастауы &ndash Алланың мейірімі, сәттілік пен береке.

Өрмекші &ndash түсіңізде өрекші көрсеңіз, үнемі күйеуінің көзіне шөп салатын арсыз әйелге жолығасыз.

Өрік &ndash егер адам түсінде өрік жесе, не сырқаттанады, не өміріндегі маңызды дүниеден айырылады.

Өтірік &ndash азғындық пен сәтсіздік.

 

П

Пальма ағашы &ndash ғалым. Сонымен қатар адамдарға пайдасы мол мұсылманды аңғартады.

Періште &ndash егер түсіңізде періште көрсеңіз, өмірде құрмет пен атаққа қол жеткізесіз.

Пеш &ndash түсінде пеш көрген адам өңінде тұрмысын жақсартуға тырысады.

Пышақ &ndash түсінде қарусыз адам пышақ алса, береке-мен молшылықта өмір сүріп, несібесі мол болады.

 

С

Сабын &ndash сабынмен кір жуу тәубеге келу, сырқаттан айығу, қарызынан құтылып, уайым-қайғыдан арылуды білдіреді.

Сағым &ndash аяқсыз қалатын мәнсіз әрі пайдасыз іс.

Саз, балшық &ndash адамдарды игі істерге шақыратын тақуа жанмен кездесуді аңғартады.

Сақал &ndash байлықтың, ұлылықтың және әдеміліктің нышаны.

Сақина, жүзік &ndash түсінде алтын жүзік көрген адамның әйелі жүкті болса, ол ұл баланы дүниеге әкеледі. Сақинаның сынуы &ndash ажырасудың белгісі. Бойдақ адам саусағына сақина тақса, жақын күндері шаңырақ көтереді.

Саусақ &ndash қызмет пен өмірдегі көмекші.

Сәбіз &ndash сәбіз көру- уайым-қайғының белгісі. Қолыңызға сәбіз ұстасаңыз ісіңіз жеңілдейді.

Сиқыр &ndash өтірік мен бүліншілікті білдіреді.

Сиыр &ndash жақсы әрі жайсыз жылдарды білдіреді. Семіз сиыр алдағы жылда молшылық боларын білдірсе, оның арықтығын керісінше жоруға болады.

Су &ndash таза су бақыт пен берекенің нышаны; лай су мұң мен жабығуды білдіреді.

Сүйек &ndash ұлы істер  мен тән қуатының артуын аңғартады.

Сүт &ndash адамның өмірге мұсылман болып келуі, оған қоса сүннет пен ілім.

Сүю &ndash қалағаныңызға қол жеткізу, арман-мақсаттарыңыздың орындалуы.

Сыйлық &ndash қуаныш, махаббат және араздасқан адамдардың татуласуы.

Сыпырғыш &ndash көп жағдайларда бақытсыздықтан құтылу және қарыз қайтарып алудың белгісі болып табылады.

 

Т

Табалдырық &ndash әйел, үй иесі.

Тарақ &ndash жаңа істі қолға алған адам үшін ол істің қайырлы әрі игі боларын білдіреді.

Тас &ndash дөрекі, әдепсіз адамдар.

Татуласу &ndash қауіпсіздік, тыныштық, демалыстың белгісі.

Тауық &ndash жеңілтек, ақымақ әрі әдемі қыз. Түсте тауық ұстап алу әділ жолмен ақша табуды аңғартады.

Тауыс &ndash бай әрі әдемі жат елдік әйел.

Таяқ &ndash бұйрық, тыйым, дұшпанды жеңу.

Теңіз &ndash табысқа қол жеткізіп, молшылықта ғұмыр кешу.

Тер &ndash дертінен айығуға үміт бар адам үшін сауығуды білдіреді. Ал үмітсіз болса, өлімнің белгісі.

Тиін &ndash егер ер адам түсінде тиінді көрсе,  өңінде екіжүзді әйелді жолықтырады.  Егер әйел адам түсінде тиінді көрсе,  өңінде ашулы және өзімшіл ер адам алдап-арбап алуы мүмкін.

Торғай &ndash отбасыңыздың ұл баламен толығуының белгісі. Түсіңізде торғай ұстап алсаңыз, ол ісіңізге сәттілік әкеледі.

Төсек &ndash әйел. Тұрмыс құрмаған қыз түсінде төсек көрсе, жақын күндері тұрмысқа шығады. Төсегіңізді сатсаңыз, ажырасасыз. Төсектің жұмсақытығы &ndash әйеліңіздің сізге мойынсұнып, сөзіңізге құлақ асуы. Ал кеңдігі &ndash жарыңыздың көркем мінезінің нышаны.

Түйе &ndash мұң-қайғының белгісі.

Түлкі &ndash жолында ездескендерге ор қазатын қу әрі айлалы дұшпан.

Түн &ndash тыныштық пен жайлылық белгісі.

Түнек, қараңғылық &ndash адасу және абыржу.

Түңілу- Алланың рахымынан күдер үзу &ndash күпірліктің, дінде тыйым салынған әрекетке барудың белгісі.

Түтін &ndash қорқыныш, жаза, үрейлену мен уайым-қайғы. Түіңізде үйіңізден түтін шықса, ол шаңырағыңыздағы тыныштық пен татулықтың білдіреді.

Тырнақ &ndash дұшпанды жеңу.

Тышқан &ndash әрдайым ұрлық жасайтын арсыз әрі күнәһар әйел.

Тіс &ndash отбасыңыз бен туыстарыңыз. Азу тіс отағасын аңғартады. Бір тістің не барлығының жоқ болуы отбасының бір адамға азаятынын білдіреді. Ал егер барлық тісіңіз түсіп қалса, ұзақ өмір сүресіз.

 

Ұ

Ұн &ndash бидай ұны &ndash байлықтың белгісі. Оған қоса ұн маңызды әрі пайдалы ілімді аңғартады.

Ұста &ndash ерік-жігері күшті адам.

Ұшу &ndash саяхатты білдіреді.

 

Ү

Үйлену &ndash мәртебеңіздің өсуі, құрмет пен байлықтың нышаны.

Үрей, қорқыныш &ndash қауіпсіздік. Сонымен қатар тәубеге келуді де білдіреді.

 

Х

Хат &ndash түсте хат алу не жолдау &ndash жақсылықтың белгісі.

 

Ш

Шабдалы &ndash шабдалы жемсін пісетін уақытында жеу табысты аңғартады. Қышқыл шабдалы жеу &ndash үрейлену.

Шайқас &ndash ұрыс- керістің белгісі.

Шалшық &ndash түсіңізде шалшық көрсеңіз, өңіңізде жала жабу, екіжүзділікке тап боласыз.

Шам &ndash түсте жанып тұрған шамды көру табыс пен сәттілікті білдіреді. Өшіп тұрса, керісінше жорылады.

Шатыр &ndash отбасындағы бақ-дәулет, тыныштық пен береке.

Шөл дала, жазық &ndash өмірде қалаған дүниеге қол жеткізетініңізді аңғартады.

Шөлдеу &ndash кедейлікті, алыста жүрген адамға деген сағынышты білдіруі мүмкін.  Таза сумен шөліңізді қандыру &ndash денсаулықтың белгісі.

Шұлық &ndash өзге ұлттан шыққан әйелмен танысу.

Шыбын &ndash әлсіз, ызақор әрі ұрысқақ адам.

 

І

Ін &ndash дінге енгізілген жаңалықтарға, ойдан құрастырылған дүниелерге сеніп, еру.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста