Ислам діні

Мына дәстүрді Рамазаннан кейін де жалғастырайық...

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы Қасиетті Құран Кәрім түскен ай. Сол себепті, бұл айда тарауық намазында Құранды бастан-аяқ хатым қылып шығу –үмбеттің жақсы дәстүріне айналған.

 

Тек тарауық намазында ғана емес, көптеген мұсылмандар намаздан тыс оқу арқылы да айда кемінде бір, көбінде бірнеше мәрте Құран Кәрімді хатым қылып шығуды ниет етеді.

 

Рамазан айы Құранды бір айда кемінде бір рет хатым етуге дағдыланудың керемет мүмкіндігі.

Сондықтан да, осы бір мүмкіндікті бос жібермей, күніне Құранның бір парасын оқып, Рамазаннан кейін айларда да бір айда бір рет хатым етуді өзімізге міндет етуді ниет етсек, нұр үстіне нұр болар еді. Ол үшін Құранды хатым етудің, оқудың, жаттаудың, соған сай амал етудің қаншалықты сауапты екенін білуіміз керек. Сонда ғана бұл іс оңай болады, бұл міндетті мойнымызға алу оңайға соғады.

 

Ендеше сіздерге төменде Құран оқуға қатысты Пайғамбарымыздыңﷺﷺхадистерін ұсынып отырмыз.

 

«Құран Кәрімге сеніп, амал ете оқыған мү’мин Қиямет күні шақырылады да Құран Кәрім ол үшін: «Уа Раббым! Оны киіндір», ­­­– деп жалбарынады. Оған керемет тәжі кигізіледі. Сосын Құран Кәрім тағы да: «Уа Раббым, мұны арттыра түс», ­– дейді. Оның үстіне керемет киімі кигізіледі. Тағы да Құран Кәрім ол үшін дұға етіп: «Уа Раббым, оған разы бол!» – дейді. Алла Тағала оған разы болады. Әлгі адамға: «Тоқтамастан оқы да, жоғарылай бер», – делінеді. Оның оқыған әрбір аятына бір сауап жазылады. (Сүнән-и-Тирмизи)

 

«Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, соған сай амал етсе, Қиямет күні оның ата-анасына тәж кигізіледі. Ол тәждің нұры әлемдегі үйлерді жарқыратқан күн үйіңіздің ішінде болса да, одан да жарық, одан да нұрлы болады. Ата-анасының өзіне осыншама құрмет көрсетілсе, бұл амалды істеген адамға жасалатын сый-сияпаттың қандай боларын өзіңіз ойлай беріңіз» (Әбу Дәуід).

 

«Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, жаттап, халалын халал, харамын харам деп қабыл етсе, Алла Тағала оны Жәннатына кіргізеді. Сондай-ақ, отбасынан тозақтық деп үкім берілген он адамға шапағатшы қылады» (Сүнән-и-Тирмизи).
«Құран Кәрімді үйреніңдер, оны үнемі оқыңдар, түнгі ең соңғы амалыңыз Құран Кәрімнен Аятул-Күрси, Кәфирун секілді сүрелерді оқу болсын. Ақиқатында Құран Кәрім оны үйреніп, түнгі намаздарында оқығандар үшін әр тарапқа қош иіс жайған миск толы торсық секілді. Оны үйреніп, жаттаған күйі оны оқымағандар үшін Құран аузы жіппен буылған миск торсығы тәрізді». Яғни одан хош иіс шықпайды (Сүнән-и-Тирмизи).

 

«Біреу Пайғамбарымызданﷺﷺ: «Уа, РасулАллаһ, Алла Тағаланың ең қатты сүйетін амалы қандай?» ­– деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымызﷺﷺ: «Көшіп-қонғанның амалы», ­– деп жауап береді. «Көшіп-қонған» дегенді қалай түсінеміз?» ­­– дейді әлгі адам. Сонда Алланың Елшісіﷺﷺ: «Құранды басынан соңына дейін оқып, соңына жеткен кезде қайта басына өтіп, қайта оқып бастаған адам», – деп түсіндіреді.

 

Салтан САЙРАНҰЛЫ 

ihsan.kz




Көрілген: 1127    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.04.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30