Ислам діні

МЫНА ҮШ КІСІМЕН АЛЛА ТАҒАЛА ҚИЯМЕТ КҮНІ СӨЙЛЕСПЕЙДІ!

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

:وعن أبي هريرة قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم    ثلاثةٌ لا يكلمهم الله يوم القيامة، ولا يزكيهم، ولا ينظر إليهم، ولهم عذابٌ أليمٌ: شيخٌ زانٍ، وملكٌ كذابٌ، وعائلٌ مستكبرٌ؛  (رواه مسلم)

 

 Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Алла елшісі былай деген: «Үш кісімен қиямет кұні Алла Тағала сөйлеспейді, оларды тазартпайды, оларға қарамайды және олар үшін қорқынышты азап бар.

 

 Ол үш кісі:

 

1. Зина жасаушы қарт (шал).

 

 2. Өтірікші патша.

 

3. Тәкәппар кедей.  («Сахих Мүслім» атты хадистер жинағынан). Хадистен алынатын тағылым:

 

Құдай Тағала қиямет күні кейбір адамдардың бұ дүниеде істеген істері себепті кешіру былай тұрсын, олармен сөйлеспейді де, оларға қарамайды да екен.

 

 Алла Тағаланың қарамауы – рахымынан мақұрым етуі.

 

Сөйлеспеуі - мейір-шапағатын төкпеуі.

 

Ал тазартпауы – кешірім жасамауы немесе пенденің жасаған игіліктерін қабыл етпеуі деп түсінуге болады.

 

Зинаның күнәсі ауыр. Бірақ, ондай күнәға өзгелерге ақыл айтар жастағы қарт кісінің баруы екі есе ауыр. Жалған сөз сөйлеу, біреулерді алдау - ауыр күнә. Бірақ ел басқарып отырған патшаның суайт болуы екі есе ауыр.

 

Тәкәппарлық - өзін өзгеден артық көру, өзгені қор көру дегенді білдіреді. Тәкәппарлық дінімізде ауыр күнәлар қатарынан. Бірақ кедей кісінің сондай күнәға баруы басқамен салыстырғанда күнәсі ауыр.  

 

 

 

 islam.kz




Көрілген: 4448    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31