Ислам діні

Омар (р.а) қалай мұсылман болды?

  • http://ihsan.kz

    http://ihsan.kz

Ислам енді ғана етек жайып, жаулары да көбейіп келе жатқан тұста Омар есімді батыр жігіт мұсылмандардын бітіспес дұшпанына айналды. Ал Пайғамбарымыз с.ғ.с. Аллаһтан ол жігіттің жүрегіне иман ұялатуды сұрады.


Бірде Омар өз қарындасы мен күйеу баласынын Исламды қабылдағанын естіп қаны қарайды. Аллаһ Елшісін өлтіруге бекініп, қылышын жаландатып, үйінен шықты. Қатты ашуланған ол:


- Алдымен қарындасым мен күйеу баламның жазасын берейін, сосын Мұхаммедті көре жатармын, - деп қарындасының үйіне беттеді. Есіктен кіре оларға:


— Исламға кіргендерің рас па? Сендер біздің құдайларымыздан бас тарттыңдар ма? - деп айғай салды. Олар:


— Иә, аға рас. Біз Аллаһтан басқа Тәңір жоқтығына және Мұхаммед Оның Епшісі екеніне куәлік береміз, — деп жауап берді. Жақындарынан мұндай сөз күтпеген Омар оларды бас-көз жоқ, сабай бастады, қатты соққыға жығылған қарындасы мен күйеу баласы қанға боялып жатса да айтқандарынан қайтпады.


Сонда Омар:


- Бұл не деген қайсарлық! Бұл қандай қуатты дін? Бұған ергендер өлуге бар, бірақ қайтатын сыңайлары жоқ қой! - деп таңғалып, әлгілерге Құраннан үзінді оқып беруді бұйырды. Күйеу баласы оған Құранды оқи бастағанда, Омардың көзінен жас тамшылап отырды. Көкірегін шымырлатқан шындық жүрегіне шым-шымдап еніп, тереңдей берді. Сол жерден шыға салысымен ол Пайғамбарымызға с.ғ.с. барып, өзінің мұсылман екенін жариялады. Омар Исламды қабылдағанын естіген мұсылмандар қатты қуанды және содан былай Қағбаға барып, ешкімнен қорықпай, ашықтан-ашық түрде намаз оқитын болды.


 ihsan.kz




Көрілген: 1581    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 11:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30