Ораза туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Ораза туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1. Сұрақ: Ораза ұстаушыға қойылатын ең басты талаптар?

Жауап: Кез келген құлшылық қабыл болу үшін талап етілетін екі шарт бар. Бірі – Алла разылығы үшін болу керек, екіншісі – Құран мен сүннетке сай атқарылуы тиіс. Ең алдымен, оразамызды Алла разылығынан басқа нәрселерден тазартайық. Яғни, біз оразаны денсаулықты жақсарту немесе адамдарға жақсы көріну үшін емес, Алланың бұйрығы, Оттан қалқан болатындығы, Жәннатқа жеткізетіндігі үшін ұстаймыз. Оразаның сыртқы шарттары – таңнан кешке дейін ас пен судан, жыныстық қатынастан тыйылу. Адам ораза ұстағанда ішіп-жеуден ғана бас тартпайды, оның тәні күнәдан, харамнан тыйылады. Көз тыйым салынғанға қараудан, құлақ өсек-аяң, жала, жаман сөз, өтірік естуден, қол арамды ұстаудан, күнә жасаудан, аяқ тыйым салынған жерге барудан, асқазан тамақтан, тіл өтірік пен ғайбаттан, ой жамандықтан, жыныстық ағзалар зинадан бас тартады. Яғни, мұсылман тек жақсы сөйлеп, оразасын бұзбауға барын салады.

2. Сұрақ: Ораза кезінде емізулі сәбиі бар аналар не істесе болады?

Жауап: Ең дұрыс деген пікірге сүйенер болсақ, аяғы ауыр немес емізулі баласы бар әйелдерді ауру деп қарастырады да оларға ораза тұтпауға рұқсат береді. Бірақ ол қаза болған күндердің қазасын өтеуі тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алла Тағала оразаны және намаздың жартысын жолаушыға жеңілдетті, әрі Ол аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге оразаны жеңілдетті». (Әт- Тимрмизи, 3/85, ол бұл хадисті хасан хадис деген)

3. Сұрақ: Ораза ұстауға денсаулығым жармайды. Не стеуге болады?

Жауап: Сапардағы адамдардың, жүкті әйелдердің және басқа да үзірлі адамдардың ораза ұстамауына рұқсат етілген. Алайда, ондай адамдар мүмкіндігінше жеңілдіктерді пайдалана отырып, ораза ұстаса сауапқа кенелетіні күмәнсіз. Алла Тағала былай деді: «Ал біреу науқас, не сапарда болса, басқа күндерде оразасының санын толтырсын» ("Бақара" сүресі,185- аят). Яғни, адамның денсаулығы Рамазан айынан кейін жақсарған болса, салқын күндерде 30 күн ораза тұтуына болады. Ал егер кімде кімнің ораза ұстауға мүлде шамасы келмейтін болса (яғни, бірде болмаса бірде ұстайтын жағдайы мүлде жоқ, мысалы қарт я болмаса аурушаң жан) ол адамға ораза ұстау міндетті емес, алайда ол әр күні бір міскінді тамақтандырып отыруы қажет. Абдуллаһ ибн Аббас (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Тағаланың мынандай сөзін оқыған: «... Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін» («Бақара» сүресі, 184 аят)

4. Сұрақ: Оразаны қанша жастан бастап ұстау керек?

Жауап: Бұл баланың физиологиялық жағдайына да байланысты. Негізінде, балиғат жас 15 жастың шамасы. Баланы оған дейін ораза ұстауға ағзасы үйренуі үшін күннің біршама бөлігін ораза ұстап үйретуге болады. Ал балиғат жасқа толған балаға ораза ұстау парыз.

5. Сұрақ: Ауыз ашар алдында не айту керек?

Жауап: Ауыз ашар алдында айтылатын: «Захаба ззама-у уәбтәлләтиль-‘урукъ, уа сәбәтәль-әжру инша-Аллаһ»

Мағынасы: «Шөліміз қанды, сусындадық, Алла қаласа сауап та күтіп тұр» (Әбу Дауд 2357)

6. Сұрақ: Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

Жауап: Ұлы Жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштейгі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын өз тілінде айтуға тыйым салынбайды. Бірақ, араб тілінде жаттап алған абзал.

7. Сұрақ: Сәресіге ұйықтап қалсам не болады?

Жауап: Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді»,- делінген. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – пайғамбарымыздың сүннеті.

8. Сұрақ: Ораза кезінде немен айналысқан жақсы?

Жауап: Ораза кезінде көп құлшылық жасап, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау, Құран оқумен айналысқан абзал. Егер ораза кезінде демалыс алуға мүмкіндік болса, уақыттың басым бөлігін бір Алла Тағалаға құлшылық қылумен өткізген абзал. Мешіттерге жиі бас сұққан жөн.

9. Сұрақ: Ораза кезде түкірік пен қақырық жұтуға бола ма?

Жауап: Ораза кезінде түкірік жұтуға рұқсат етілетіндігі жайында ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. ‘Ата: “Түкірікті жұту оразаны бұзбайды”, - деген. (Әл-Бұхари. “Сахих”, 1/451).

Әдейі түкірігін жинап, кейін оны жұтып жіберсе де, ең дұрыс пікірге сәйкес, оның оразасы бұзылмайды. Алайда, бұлай істемеген дұрыс. (“Әл-Муғни”, 3/106).

Ал, қақырықты немесе мұрын мен тамақтан шығатын қандайда нәрселерді жұтуға келер болсақ, мұндайды жұтудың рұқсат етілгендігіне қатысты ғалымдардың пікірлері әр түрлі болған. Имам Ахмад пен әш-Шәфи’и қақырықты жұту оразаны бұзбайды деп есептеген. (“Раддуль-махтар”, 2/101. “Әл-Муғни”, 2/43).

«Қақырықты жұту оразаны бұзады» деген пікір мұсылмандар үшін қиындықтар туғызады, ал шариғат мұсылмандардың жағдайын қиындатуды емес, жеңілдетуді қалайды. Құранда да, Сүннетте де бұған қатысты ешқандай тыйымдар жоқ екендігін ескеру қажет. (“Сахих фиқһу-с-Сунна”, 2/117).

10. Сұрақ: Орза ұстаушы ұмытып тамақ жеп қойса не болады?

Жауап: Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ұмытып жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені, расында, оны тамақтандырып, сусындатқан – Алла» деген. (Әл-Бұхари 1933, Муслим, 2/171).

Келесі хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер адам Рамазан айының ораза күнінде ұмытып тамақтанған болса, онда ол бұл күнді толтыруға да, ақысын өтеу ге де тиісті емес»- деген. (Әл-Хаким, 1/420. Әд-Дарақутни, 2/178. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әл-Байхақи, хафиз әз-Зәһаби, имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хәжар т.б. ғалымдар растаған).

Алайда егер де біреудің ұмытып жеп не ішіп жатқан адамды көретін болсаңыз, онда сіз оны тоқтатуға және оған оның ораза ұстап жүргенін ескертуге міндетті боласыз. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім айыпталатын нәрсе көрсе, оны өзгертсін», — деген (Муслим, 1/78)

11. Сұрақ: Оразаны бірнеше күн ғана ұстаса бола ма? Мысалы, басында үш күн, аяғында үш күн.

Жауап: Жоқ, олай ұстауға тыйым салынған. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын» (Бақара сүресі, 185 аят) 

12. Сұрақ: Ораза кезінде мені басқа қалаға іс- сапарға жібереді. Сол кездері оразамды тоқтата тұрсам бола ма?

Жауап: Алла Тағала сапардағы адамға оразасын тоқтатуға рұқсат берген. Тіпті ол адам сапарда ешқандай қиындық көрмесе де. Алайда қаза болған оразаңызды өтейсіз. Алла Тағала былай дейді:

«Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла Тағала сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды» («Бақара» сүресі, 185 аят)

13. Сұрақ: Ораза кезінде спортпен шұғылдануға бола ма?

Жауап: Әрине, болады. Дегенмен ораза кезінде ағзамыздың әлсіреп тұратындығын ескеруіңіз қажет. Мүмкіндігінше ораза кезінде үзіліс жасай тұрғаныңыз дұрыс.

14. Сұрақ: Тісті қалай тазалауға болады?

Жауап: Ораза кезінде тіс тазартқышты қолданудың рұқсат етілгеніне Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардан жеткен бірнеше хабар дәлел болады. Амир ибн Раби`аның: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстап жүргенде тістерін сиуакпен (тіс тазалағышпен) тазалағанын талай рет көрдім», – дегені жеткізіледі. (Әт-Тирмизи, 725. Әбу Дәуд, 2364. Ибн Хузайма, 2007).

Алайда, осы хадисті Ибн Аббастан жеткен және бір хадис толықтырғандай. Бұл хадисте: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік кезінде де сиуакты пайдаланған» – деп баяндалады. (Ахмад ибн Мәни. Иснады сахих. “Әл-Мәталибул-алия”, 1089).

Бұл Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметтегі хәлал мен харам мәселелерін ең жетік білетін Му`аз ибн Жәбалдың сөздерімен де расталады. Абдур-Рахман ибн Ғуним былай дейді: «Мен Му`аздан «Ораза кезінде тістерімді тазалауыма бола ма?» — деп сұрадым. Сонда ол: «Иә», — деп жауап берді». (әт-Тәбарани. “Әл-Кәбир” кітабы, 20/133. Хафиз Ибн Хажар иснадына хасан деп баға берген).

Алайда, сиуактің дәмі болатын болса, (мысалы жасыл сиуак немесе лимон яки жалбыз дәмі бар, т.с.с. сиуактар) онда түкірікті жұтуға болмайды. Ең дұрысы, мұндай сиуакты ораза кезінде мүлдем қолданбай-ақ қойған жөн.

Егер тіс тазартқышты қолдану кезінде қызыл иектен қан шыға бастаса, оны жұтуға болмайды, оны түкіріп тастау қажет. Бірақ, егер сонда да қанның кейбір бөлігі тамаққа кетіп қалса, бұның ешқандай оқасы жоқ. (“Фәтауа әл-Ләжна әд-дәима”, 10/254).

Ал, енді күндіз тіс пастасын қолдануға келер болсақ, ғалымдар бұл мәселеде түрлі пікірлер білдірген. Тіс пастасымен тісті тазалаған кезде оның дәмі толықтай ауыздан кетпейінше түкірікті жұтуға болмайды. Тіс пастасының асқазанға түсуі – оразаны бұзады. Сондықтан, талас-тартыстан аулақ болу және қателікке ұрынбау үшін бұны жасамаған жөн. Сол үшін кей ғалымдар: «Күндіз тіс пастасын қолданбай, оны кешкіге қалдырған дұрыс, себебі, оның қатты татитын дәмі бар», — деген пікір айтқан. (“Мәжалису шаһри рамадан”, 72).

15. Сұрақ: Ораза кезде душқа, ваннаға түсуге бола ма?

Жауап: Болады, алайда тек қажет кезде ғана. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) бір хадисінде: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шыжыған ыстықтан құтылу мақсатымен басына су құятын», - деп айтылған. “Әл-Мууатта” кітабы, 1/294, Имам Мәлик. Әбу Дәуд 2365, Ахмад 4/63.

16. Сұрақ: Ораза кезде ерлі-зайыптыларға не рұқсат етіледі?

Жауап: Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүюге, құшақтауға және аймалауға рұқсат етіледі. Айша (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгенідеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын». (Әл-Бухари, 1927. Муслим, 1/65).

Айшаның (Алла оған разы болсын) жиені Масруқ одан: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?», - деп сұрағанда, ол: «Жыныстық қатынастан басқасынын барлығы», — деп жауап берді. (Абдур-Раззақ, 4/190. “Фатхул-Бәри”, 4/183.)

Бұл хадистер ауызы берік адам, мұның соңы жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелін құшақтап, аймалауына рұқсат етілетінін аңғартып тұр. Ал, адам әлсіз болса, яғни, өзін-өзі ұстай алмай қалатынын білсе, онда ол мұндайдан тыйылғаны жөн. Шариғатта, «харамға апаратын нәрсе де харам!» дейтін маңызды бір қағида бар.

17. Сұрақ:Ораза ұстаушы жүніп болып қалса не істейді?

Жауап: Ораза кезде қалауынан тыс жүніп болып қалған адамның оразасы бұзылмайды. Сізге ғұсыл алу қажет болады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері Айша мен Умм Сәләмадан жеткен хабарларда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелімен өткізген түннен соң, таңды жүніп күйінде қарсы алғандығы, содан кейін шомылып, оразасын тұтқандығы туралы баяндалады. (Әл-Бұхари, 1925. Муслим, 2/80).

Бірде Умм Сәләмадан «Жүніп күйінде таңды қарсы алған еркек ораза тұту керек пе?» – деп сұрағанда, ол: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) поллюция (өздігінен ұрық шығып кетуі) себепті емес, әйелімен өткізген түннен соң таңды жүніп күйінде қарсы алатын. Сосын ол ораза ұстайтын әрі сол (күнгі) оразасын қайта өтемейтін», — деп жауап берген. (Муслим, 2/80).

Осы хадистер бой дәреттің (ғұсыл) жоқтығы, тіпті, ол таң атқаннан кейін шомылса да оразасын жарамсыз етпейтінін білдіреді..

18. Сұрақ: Ораза кезінде әйел адамға етеккір келіп қалған жағдайда не істеу керек?

Жауап: Ол жағдайда оразаны бұзу қажет. Әбу Саид әл- Худридан (ол кісіге Алла разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Етеккір кезінде ораза мен намаз тоқтатылмайды ма?». (Әл- Бұхари, 1951; Муслим, 889) Етеккір мерзімі аяқталған соң әйел адамдар қаза болған күндерінің қазасын өтейді.

19. Сұрақ:Ораза кезде бет сүйіп, құшақтасып амандасуға бола ма?

Жауап: Иә. Тіпті, ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүюге, құшақтауға және аймалауға рұқсат етіледі. Айша (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгенідеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын». (Әл-Бухари, 1927. Муслим, 1/65).

20. Сұрақ: Тарауық намазын міндетті түрде мешітте оқу қажет пе?

Жауап: Еркек адам мешітте оқуға тырысуы тиіс. Ал әйел адамның үйде оқығаны абзал. Күйеуі рұқсат берсе мешітте оқуына тыйым салынбайды.

21. Сұрақ: Ораза кезде крем, бояуға жағуға бола ма?

Жауап: Ішке өтпейтін нәрселерді қолдануға болады. Иіссу да оразаны бұзбайды. Алайда, егер крем немесе опа-далап қалың болса, дәретті өткізбейтіндігі себепті, дәрет алар кезде өшіру керек болады.

Azan.kz сайтындағы материалдарға негізделген

www.qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста