Ислам діні

Оразаның пайдасын дәлелдеген ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Нобель апталығы басталғаннан ең жарқын ғылыми атақтар мен медицина, физиология, физика және химия саласында лауреаттар анықталды.

 

Медицина мен физиология саласының лауреаттары 2016 жылы 3 қазан күні белгілі болды. Ол атақтың иесі – Токио Технологиялық университетінің жасушалы биология маманы Ёсинори Осуми (Yoshinori Ohsumi).

 

 

Нобель комитетінің пресс-релизінде былай деп жазылған:

 

«Осумидің бұл ашқан жаңалығы біздің түсінігіміздегі жасуша өзіндегіні қалай өңдейтінін түсіндіретін жаңа парадигмаға жол ашады. Ол көптеген физиологиялық үдерістерге аутофагтың маңыздылығын түсіндіретін фундаментальды түсінік қалыптастырды. Оларға аштыққа бейімделу мен инфекция қарсы тұру жатады.

 

 

Аутофагия – бұл қоқыстардан құралған жасушаның қажетсіз бөліктерін өңдеу немесе утилизция жасау. Бұл үдеріске қойылған термин екі грек сөзінен «өзітамақтану» немесе «өзіқоректену» деген мағынаны білдіреді.

 

 

Жалпы бұл феномен бар болған, оны ғалымдар өткен ғасырдың 60-шы жылдары тапқан. Бірақ, терең бойламаған. 90-жылдары бұны Осуми жасады. Ол тәжірибе жасау арқылы аутофагқа жауап беретін гендерді шығарды. Осы еңбектің арқасында ширек ғасырдан кейін сыйлық өз иесін тапты. Сондай-ақ, бірауыздан Нобель сыйлығына лайықты тарихтағы 39-шы ғалым етті.

 

 

Сонымен лауреаттың ашқан жаңалығы мынаны дәлелдейді: ашығу яғни, ораза ұстау расында ішкі ағзаны тазалайды. Бұл Нобель комитетімен дәлелденген.

 

Осумидің әріптестері аутофагия ағзаны ерте қартаюдан сақтайды деп отыр. Тіпті, жаңа жасушалар тудыратындықтан ағзаны жасартуы да мүмкін. Себебі, ол кезде жарамсыз ақуыздар, зақымдалған ішкіжасушалы элементтер ағзадан шығарылып, ретке келтіріледі.

 

islam.kz




Көрілген: 2209    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31