Ислам діні

"Ортақ ымыраға шақырамыз": ҚМБД Қордайдағы оқиғаға қатысты үндеу жолдады

  • "Ортақ ымыраға шақырамыз": ҚМБД Қордайдағы оқиғаға қатысты үндеу жолдады

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы Масанчи ауылында болған оқиғаға қатысты үндеу жолдап, азаматтарды ортақ ымыраға шақырды.

"Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз.
Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.
Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.

Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.
Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктің орын алғаны жайлы кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға пікір білдіріп, Жамбыл облысының Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес орын алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, құзырлы орган полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылғанын, жағдай бақылауда екенін хабардар етті.

Кейін мемлекет басшысы Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Бүгін президент Жамбыл облысындағы ахуалға қатысты тағы да мәлімдеме жасап, оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар екенін айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзінше, ауылдастар арасында болған жанжалдан сегіз адам қаза болып, 40 адам әртүрлі жарақат алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Источник: muftyat.kz"Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз.
Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.
Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.
Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.
Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктің орын алғаны жайлы кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға пікір білдіріп, Жамбыл облысының Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес орын алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, құзырлы орган полицияның күшімен қақтығыс тоқтатылғанын, жағдай бақылауда екенін хабардар етті.

Кейін мемлекет басшысы Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Бүгін президент Жамбыл облысындағы ахуалға қатысты тағы да мәлімдеме жасап, оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бар екенін айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзінше, ауылдастар арасында болған жанжалдан сегіз адам қаза болып, 40 адам әртүрлі жарақат алған.

muftyat.kz




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

сенбі, 08.02.2020, 17:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31