Ислам діні

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (ﷺ) ЖӘННӘТТІ УӘЖІП ЕТКЕН ӘЙЕЛ

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Бірде қасына екі қызын ерткен бір әйел Айша анамыздың үйіне келді. Тақыр кедей екендері көрініп тұр. Анамыздың өз үйінде де онша ештеңе жоқ еді, тапқан үш құрмасын әкеп ұстатты. Әлгі әйел екі құрманы қыздарына беріп  еді, қатты ашыққан олар құрмасын тез жеп тауысып, енді анасының қолындағы құрмаға қарады. Әйел ол құрманы да екіге бөліп қыздарының аузына тосты.

 

Айша анамыз осы көрген оқиғасын Алла елшісіне әңгімелегенде, Пайғамбарымыз мынадай сүйінші хабар айтты:

 

– Осы жасаған ісі үшін Алла Тағала ол әйелге жұмақты уәжіп етті немесе оны тозақтан құтқарады! 1

 

Ардақты елшіміздің: «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» 2 деген хадисі еске түседі осындайда. Осыны білген Айша анамыз да үйіндегі соңғы 3 құрмасын бере салды, әйел де балалары үшін  қолындағы соңғы құрмасын аузынан жырып берді. Екі кісіге де Алла Тағала разы болып, жұмақтың төрінен орын бергей!

 

Мүслим, Бирр уә сыла 148 (2630); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\92 (24655); Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\49.

Бұхари, Зекет 8,9 (1347,1351); Мүслим, Зекет 68 (1016).

 

 

 

Ihsan.kz

 




Көрілген: 2128    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 18:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30