Ислам діні

РУХ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІР ТӘННЕН ЕКІНШІ ТӘНГЕ ӨТУІ

  • https://kts54.ru/

    https://kts54.ru/

Кейбір жандар адам баласы дүниеден өткеннен кейін  оның рухы басқа бір денеге өтіп, сонан соң ол өмірге қайта келіп тіршілік жасайды деп сенеді. Бұл пікір әлемдегі көптеген діндердің сенімінде бар. Батыс әдебиетінде бұл мағынада «metempsychosis» және «transmigration» терминдері қолданылады. Ал ислами әдебиеттерде «танасух» яғни, реинкарнация термині қолданылады. «Transmigration» түріндегі сенімдер солтүстік пен Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Олардың сенімдері бойынша адам рухы хайуанға өтеді. Оңтүстік Африканың Барту тайпаларының сенімі бойынша өлген адамдардың рухтары тайпаны аралап, айналып жүреді және қайтадан дүниеге келе береді. Рух көші пікіріне байланысты ең ескі мағлұматтар Индуизмнен келген. Индуизм діні б.э. д. шамамен 1500-2000 жылдары құрылған. Бұл дін жергілікті халықтың сенімі, әдет-ғұрпымен шығыс Еуропадан көшіп келген Ари тайпасының діни сенімі мен әдет-ғұрпының араласуы нәтижесінде пайда болған. Олардың сенімі бойынша, адам табиғатқа тәуелді емес. Онда рухтың екінші бір тәнге өтуі сенімінің пайда болуына Үндістандағы касталық жүйенің әсері болған. Бұл жүйе бойынша адамдар төртке бөлінеді:

 

 1. Брахмандар &ndash дін адамдары.

 

2. Каштрия &ndash хан ұрпағы.

 

3. Вайсия &ndash саудагерлер, қолөнерші.

 

4. Шудра &ndash шаруалар. Бұл &ndash түбегейлі қалыптасқан өз сүрлеуі мен өз бастауы бар жүйе. Мұның тарихына сәл шегініс жасайық. Сол кезеңде Үндістандағы шаруа халықты брахмандар мен каштриялар аяусыз қанап, айтарлықтай күйзеліске ұшыратқан болатын. Әлбетте, бұған көпшіліктің наразылығы өрши түседі де, қанаушылар ызғары сезілген қауіпті қарсылықтың алдын алудың жолдарын қарастырады. Халықты күшпен тоқтата алмайтындығына көзі жеткен брахмандар оларды діни жолмен тоқтатуды ұйғарады. Сөйтіп олар касталық жүйе сенімін, яғни адамның өмірге қайта келетіндігі жайындағы сенімді іске қосады. Бұл сенім бойынша адамның бұл дүниедегі жағдайы, оның одан бұрынғы өмірінде істеген ісінің нәтижесі. Адамның дүниеге дін адамы, хан, ғалым не шаруа болып келуі өз қолында. Егер де қиыншылық көріп жүрсең, ол сенің рухыңның кінәсі. Өйткені сен бұған дейінгі өміріңде жаманшылықты көп жасағансың.

 

Өмірде жаманшылықты көбірек жасасаң, мұның жазасы ретінде екінші рет дүниеге келгенде хайуан денесіне өтесің. Жаза мерзімі біткен соң, рух қайтадан адам денесіне өтеді. Сондықтан хайуанаттарды жәбірлеуде де абай болуыңыз керек, бәлкім ол сенің жақын туысың шығар..? Осы сенімді сәтті пайдаланған брахмандар халықтың бас көтеруін тоқтатып, шаруаларға өз дегендерін істейді. Содан уақыт өте келе бұл сенім әбден орнығып, Индуизм дінінің негізгі танымдық тірегіне айналған. Үндістаннан бастау алған бұл сенім бертін келе сол аймақтағы елдерге кеңінен тарай бастады. Сол Үндістанда пайда болған Буддизм дінінде алғашында мұндай сенім болмаған. Кейінірек Индуизмнің ықпалы арқылы бұл сенім Буддизмге де орныққан. Дәстүрлі Будда дініндегі Будданың 24 рет Будда болып дүние қайта келуі жөніндегі сенімнің бір ұшы осында жатыр. Яһуди мистицизмінде рух көшіне қатысты «gilgal» термині қолданылады. Бұл сенім яһудилердің сопылық ағымдарына XVII ғасырдан кейін тарай бастады. Олар адам рухының басқа тәнге өтуімен бірге, Тәңірдің де адам ішіне енетіндігіне сенім артты. Нәтижесінде, Тәңірі алғашқыда Адам Атаға, содан кейін Шит пен Мұса (а.с.) пайғамбардың денесіне рух ретінде кірген деген сенім қалыптасты. Гректер де рухтың өлімсіз екеніне және бір тәннен екінші тәнге өтетіндігіне сенеді. Асылында бұл доктринаның негізін қалаушы б.э.д. VII ғасырда өмір сүрген әйгілі философ Пифагордың шәкірті Фересайдес болатын. Соңғы зерттеу нәтижелеріне қарап отырсақ, әлем діндерінің сенім жүйесінде рухтың бір тәннен келесі бір тәнге өту түсінігіне деген сенімнің жеткілікті екенін аңғаруға болады. Ең соңғы хақ дін Исламда да мұндай сенімдегі ағымдар мен жекелеген тұлғалық пікірлер кездеспейді емес.

 

 а) Рух және рухты шақыру «Рух» сөзінің мағынасы «жан», «күш» деген ұғым, түсініктерге келеді. Көпше түрі «әруақ». Әрбір мұсылманның рухтың бар екендігіне сенуі шарт. Өйткені Құран аяттары рухтың бар екендігі мен оның Алла Тағаланың әмірінде болатынын, өлгеннен соң басқа бір әлемге баратынынан хабар береді. Ислами жүйе бойынша таратып айтсақ, «рух» сөзі көбіне үш мағынада қолданылады:

 

 1) Жәбірейіл періштенің аты ретінде («Бақара» сүресі, 87-аят; «Мәриям» сүресі, 7-аят; «Шуара» сүресі, 193-аят; «Қадыр» сүресі, 4-аят).

 

 2) Уахи мағынасында («Нахл» сүресі, 2-аят; «Мүмин» сүресі, 15-аят; «Шура» сүресі, 52-аят).

 

 3) Жандыларда тіршілік көзі болып табылатын күш мағынасында («Исра» сүресі, 85-аят; «Әнбия» сүресі, 91-аят).

 

Рух жайындағы тартыстар мен түрлі пікір қайшылықтары ғасырдан ғасырға жылжып жалғасып келеді. Солардың бірі исламның бастапқы кезеңіндегі ғалымдардың айтуынша, рух Тәңірі жағынан бір құпия және адам оны жетік меңгере алмайды. Өйткені, «Исра» сүресінің 85-аятында: «Әй, Мұхаммед! Сенен рухтың не екенін сұрайды. Айт: Рух Раббымыздыңәмірінде. (Бұл жайында) сіздерге өте аз мағлұмат берілген», &ndash делінген. Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтуынша, өлген адамның артынан оқылған Құранның, жасалған жақсылықтың сауабы сол адамға тиеді. Бірақ, рухтардың адамдармен қарым-қатынаста болатындығы жайында ешқандай аят не хадис жоқ. Адамның ғайып әлемімен байланысы тікелей Алла Тағаланың жіберген періштесі немесе жын-шайтандар арқылы болады. Олардың рух деп айтып жүргендері жын мен шайтандар.

 

Жын мен шайтандар адамдар арасында өздеріне жақын кісілерге хабар беріп отыратындығы аят пен хадисте айтылған. Құранда тыңшылық істеп («Хижр» сүресі, 18-аят), періштелердің сөздерін таситын жын-шайтандардың болғанын («Саффат» сүресі, 10-аят) және бұлар естігендерін көріпкел, балшыларға жеткізетіні туралы мәлімет бер. Осы хабардың көбіне өтірік араласқандығы («Шуара» сүресі, 223-аят) мен олардың мәлімет ұрлауларына кедергі болу үшін от ұшқындары жіберілгені айтылады. Хазіреті Айшадан жеткен риуаят бойынша: «Пайғамбарымыз (ﷺ): «Періштелер бұлттардың ішіне түседі және көкте болғандарды әңгімелеседі. Шайтандар да осы кезде құлақ салып тыңдап, естіген хабарларын көріпкелге жеткізеді. Өздері де көптеген өтіріктер қосады», &ndash деген». Жындар мен шайтандар адамдарды әсерлеп, кейде сиқыршы мен көріпкелді және рух шақырушы кісілерді таңдайды. Дініміз бойынша мұндай іспен айналысатындардан хабар алу ширк болып есептеледі. Өйткені, келешекті Алладан өзге ешкім білмейді. Құранда «Ғайыпты тек қана Алла біледі», &ndash деген. («Әнбия» сүресі, 59-аят). Демек, мұндай іспен айналысудың «харамның ауылына» ат ізін салғанмен айырмасы жоқ.

 

 б) Рухтың бір тәннен екінші тәнге өтуін қабыл еткен кейбір мұсылман тұлғалар мен ағымдар Ең алдымен Исламда рухтың көшуі туралы сенім бар ма, жоқ па соның басын ашып алайық. Исламда мұндай сенім жоқ және сенуге де болмайды.

 

Егер де Исламда мұндай сенім болмаса, онда ол оған қайдан келді? Дініміздің шеңбері арабтармен ғана шектеліп қоймағаны белгілі. Ислам кеңінен жайылып, түрлі ұлттар мен ұлыстар мұсылмандықты қабылдады. Әлбетте, олардың әрбінің өздерінің сенімі мен мәдениеті болды. Әрі олар мұсылмандықты қабылдағаннан кейін де ескі сенім‑жоралғыларын, әдет‑ғұрыптарын толығымен тастаған жоқ, керісінше, олардың сол түрлі мәдени өзгешеліктері Ислам мәдениетімен араласты. Мұсылман болғандардың ішінде көпшілігі кәміл мұсылман дәрежесіне жетпегендіктен түрлі ағымдар етек алып, кейбіреулері ескі әдет-ғұрыптарын қайта жаңғыртуға көшті.

 

Демек, әлгіндей ұшқары сенімдер дінімізге  сырттан келген. Мұндай сенімді алғаш қабыл еткен ағымдардың басында Шииттер тұр. Нусайрия, Дүрзия және Ибадия сияқты мәхзабтар рухтың басқа денеге өтетінін қабыл етеді. Осымен бірге Ахмед ибн Хатым, Ахмед ибн Әйюб Әбу Муслим әл-Хорасани және Әбу Бәкір Мухаммед ибн Зәкәрия әр-Рази сияқты ғалымдар да осы сенімдерін бекіту үшін Құраннан кейбір аяттарды дәлел ретінде келтіреді. Мәселен, «Бақара» сүресінің 28-аятында: «Сіздер өлі болған кездеріңізде тірілткен Алланы қалай мойындамайсыздар? Содан кейін сіздерді өлтіреді және қайта тірілтеді. Соңында оған барасыңдар» аяты мен «Мүмин» сүресінің 11-аяты: «Мойындамағандар болса былай дейді: «Раббымыз! Бізді екі рет өлтіріп, екі рет тірілттің. Біз де күнәларымызды мойындамадық. Осы оттан шығу үшін бір жол бар ма?» делінген.

 

Аятта екі рет «өлу» мен екі рет «тірілу» мәселесі айтылғандығы рас. Аталмыш ғалымдар осы аятты басты негіз ретінде ала отырып, өлгеннен кейін қайта тірілудің болатындығын дәлелдеуге тырысады. Асылында, осы екі аяттың мағынасына бойласақ, оның өмірге қайта келумен ешқандай байланысы жоқ. Бірінші аяттың мағынасы адамның алғаш рет балшықтан жаратылғандағы өлі сыпатына Алла Тағаланың жан бергендігімен байланысты. Сонсоң дүниеге келген адам тұз‑дәмі бітіп қайтыс болып, ақыретте Алланың әмірімен қайта тіріледі. Ал екінші аяттың мағынасы болса, кәпірлердің тозақ отына шыдай алмай жанып кететіндігімен байланысты. Өлген кәпірлер азаптан құтыла алмайды. Істеген күнәларының жазасын тарту үшін қайта тірілтіледі. Бұл жайында басқа да аяттарда  айтылады. Мәселен мына аятта: «Кәпірлердің баратын жері мәңгілік тозақ», - делінсе, кәпірлердің азапталу жайын «Ниса» сүресінің 56-аяты: «Оларды отқа тастаймыз және терілері жанып жоқ болғанда азапты тарту үшін терілерін жаңартамыз» деп сипаттайды. в) Ислам діні бойынша тәнәсухқа (реинкарнацияға) сенудің үкімі Ислам діні бойынша рух екінші бір денеге өтпейді. Рухтың басқа бір тәнге өту сенімі Исламның сенімімен үйлеспейді.

 

 Өйткені, Исрафил періште сырнайын бірінші рет үрлегеннен кейін қиямет қайым басталады және әлемдегі тіршілік тоқтайды. Исрафил екінші рет сырнайына жан бітіргенде дүниеде өмір сүрген барлық адамдар тіршіліктегі амалдарының есебін беру үшін махшар алаңына жиналады. «Есеп бергенде ешкім-ешкімнің күнәсін көтермейді. Әркім өз іс-әрекетіне жауап береді», &ndash дейді «Исра» сүресінің 15-аятында. Рух көші сенімінде рух бір адамнан екінші бір адамға көшіп жүре береді. Сонда адам ақыретте қай денесімен жауапқа тартылады? Бір рух бірнеше денеге кіріп шықса, жазалауға лайық денесі қайсы? Ал рухсыз дененің ешқандай да маңызы жоқ. Әрине, бұлай болу мүмкін емес дүние. Өйткені, бұл ең бастысы, Алланың әділеттік сипатына қайшы келеді.

 

Рух көші сенімін қабыл ету ақыретті қабыл етпеумен тең. Ал, ақыретке сену&ndashиманның бір шарты. Иманның бір шартын қабыл етпеу&ndashкүпірліктің белгісі. Бұл мәселеге қатысты аят пен хадистерде жеткілікті дәлелдер бар. г)  Рух көші сенімінің негізсіздігі жайында Құранда, дәлірегі «Мүминун» сүресінің 99-100 аяттарында өлген адамның о дүниеде азапты көргеннен кейін, Алладан бұ дүниеге шынайы құлшылық ету үшін қайта жіберуін сұрап, жалбарынатындығы жайында айтылады. Аятта мұның жауабы да айқын. Пенденің тілегі әлбетте орындалмайды, себебі Алланың қалауымен өлген жанның рухы дүние мен ақырет әлемі арасындағы бәрзах (көмескі) әлеміне жіберіліп, ақыретке дейін сонда болады. Осы мәселеге байланысты оқиғаларды баспасөз беттерінен кездестіруге болады.

 

Бірақ, осы мақалалардың көпшілігі өліп-тірілу, о дүниеге барып келу, онда әруақтардың бар екендігі сияқты тар тақырыптарда жазылған. Ұйқыда адамдардың өліп-тірілу және о дүниеге барып келулері бек мүмкін. Өйткені, ұйқы кіші &ndash өлім болып есептеледі. Ұйқы кезіндегі адам рухы басқа рухтармен көрісіп, көзге көрінбейтін әлемді шарлап келе алады. Құранда да ұйқыда жатқан адамдардың рухтарын жиып алып, өмірі біткендердің рухын кері қайтармай, қалған рухтардың кері қайтарылатындығы жайында мәліметтер бар. Жалпы рухтың денеден денеге көшуі туралы сенімнің ешбір негізі жоқ деуге болады. Егер адам өмірге қайта келуді қабыл етсе, қайта тірілген адам бұрынғы өмір сүрген кезін міндетті түрде есіне алуы керек емес пе? «Өкінішке қарай», ешкімде де санасында сайрап тұрған өткен өмірі жайлы мұндай ұғым жоқ. Сонымен бірге, бұл сенімді қабыл еткендер адамдар әке-шешеден балаларына өткен рухани және физиологиялық ерекшеліктер мен ұқсастықтарды және әлемдегі халық санының артуы жайында ешқандай жауап бере алмайды. Өйткені, олардың сеніміне жүгінсек, өмірге келетін адам саны беп‑белгілі, адам бір орнында айналған доңғалақ секілді қайтадан өмірге келе берсе, халық саны әсте көбеймеу керек емес пе? Ал қазір керісінше, адам саны күннен-күнге артып келеді. Ал сосын әрбір рухтың өзіне тән мінез-құлқы болғандықтан ол өлгеннен кейін өзіне тән денені қайтіп таңдайды?

 

 Реинкарнация сенімі бұл сұраққа да жауап бере алмайды. Қысқасы, Исламдық һәм қисындық тұрғыдан алғанда да рухтың бір тәннен екінші тәнге өтуі негізсіз мәселе[1].

 

 

 

fatua.kz




Көрілген: 2377    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 21:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31