Ислам діні

РУХТЫҢ ҚАБІР ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАЙЫ

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Қабірдегі жан теңізге батып бара жатып көмек сұраған адам сияқты. Әкесінен, анасынан, бауырынан немесе досынан өзіне келетін дұғаны күтеді. Дұғалар өзіне жеткенде дүние және ішіндегілер берілгеннен де артық қуанады”. (Бәйһақи, Шуғаб ул-иман)

 

Пайғамбарымыз (с.a.у.) бір жолы қабір жайын және қабірдегі сұрақ-жауап туралы айтқан. Омар ибн Хаттаб (р.a.) қабірдегі өмірдің мәнін жақсылап ұғып алу үшін:

 

Ақыл-есіміз басымызға орала ма? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.a.у.):Иә, осы бүгінгі қалпында ақыл, саналарың беріледі, - дейді.

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сөз жоқ, қабір не жәннат бағының, не жаһаннам шұңқырларының бірі” деген.

 

Кей ғұламалардың айтуынша, Алла ризашылығына бөленген жанның рухы жәннатта болумен қатар, қабірімен де байланысын үзбейді. Бұл байланыс, әсіресе, жұмада күні-түні, сенбі түнемелік күн шыққанша өте күшті болады.

 

Алла ризашылығына бөленген жанның рухы дүниедегі тірілердің істеген істерінен де хабардар болады. Ондай адам қайтыс болғанда одан бұрын дүниеден өткендер одан дүниедегі достарының жағдайларын сұрайды жеке-жеке. Егер жаңа келген рух ол адам жайында қайырлы хабар берсе, сұраған рух:

 

- Уа, Раббым! Бұл досымызды осы қайырынан айнытпа, - деп дұға жасайды. Егер одан басқа жауап алса, онда:

 

- Уа, Раббым! Oны қайырға бағытта, қайырға бұр, - деп дұға етеді. Eгер жаңа келген рух:

 

- Oл досыңыз біраз бұрын қайтыс болған. Сендердің жандарыңа келмеді ме? – дейтін болса, онда:

 

- ‘Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун’ деп, “Өкінішті, біздің жолымыздан басқа жолға түсіп, жаһаннамдық болған ғой, - деп күйзеледі.

 

Ал кей ғұламалар Алла ризашылығына бөленген жанның рухы қабірмен осындай байланысы кезінде өзіне берген сәлемді естиді. Өздеріне рұқсат етілсе, сәлеміне жауап та қатады деген. (Умдат ул-Қари және Тәжрид Сарих аудармасы)

 

 

 

mazhab.kz

 

           




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 18:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!
    8 Қараша 2021
    Күнә және сауап

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31