Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тіліндегі кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.


«ӨЛІ-ТІРІ» (дәстүр). Екі жақ ке­лісімі нығайған соң күйеу жағынан құ­даларына бір білікті адамды бас етіп «өлі-тірі», яғни кәделі ұсақ мал, ірі қара және жылқы жіберіледі. «Өлі-ті­рі» деген – «өлі мен тірі арасында адал­мыз, Құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. «Бұл – үлкен кәделі әрі маңызды жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі-тірі» өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп, бұдан кейін қалыңдығына ұрын баруына жол ашылады.

СӘЛЕМ БЕРУ, СӘЛЕМ ЕТУ. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру – қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем бе­реді» дегендей, жөн білетін ақсақал­дарымыздың өзі амандасуды да ұят көрмеген. Егер сәлем ер-аза­маттарға байланысты болса, сәлем берді деп айтылады. Сондай-ақ ақ жаулық та­ғып, келін деген асқақ атты иемденген нәзік­жандыларымыз да үлкендерге сәлем салған. Ондайда жанындағылар үлкендерге «пәлен­шенің келіні сәлем беріп жатыр» деп жеткізеді. Мұндайда көнекөз қария­ларымыз «Көп жаса, бақытты бол» деп бата қайырған. Егер сәлем әйел затына қатысты болса, сә­лем етті деп айты­лады.

ТАСАТТЫҚ – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Тасаттықта көп­шілік қауым болып жиналып, құрбан­дық шалып, сауабын аруақтарға ба­ғыш­тап, Құран оқылып, Құдай­дан жауынның жаууын тілеп, ниет қылады. Тасаттыққа жиналған қауым діни рә­сімдерді атқарумен қатар, жиынның соңын мереке-сауыққа айналдырып жіберетін болған.

ҮМЕ – асар. Қазақстанның кей жер­лерінде, көбіне, маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келген­дерге берілетін ас «үме» деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, т.б. көмек­терін көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тара­пынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желін­ген­нен кейін аяқ жағы той-думанға ұлас­қан. Кейде үлкен үмелерде жігіт­тер күреске түсіп, қара жарыстар ұйым­дас­тырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқандығы ел арасындағы «Үмеге келген үндемей қалмайды», т.б. мақалдар айғақтайды. Үме дәстүрі қазақ халқының береке-бірлігінің куәсі іспеттес.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062 




Көрілген: 1425    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2013, 11:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30