Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.


НӘЗІР (араб тілінен аударғанда – ескерту, арнау, міндеттеп алу) – шариат ұғымында белгілі бір істің орайы келіп орындалса немесе тілеген тілеуі қабыл болса атқарамын деп ниет еткесін, Құдай разылығы үшін ерікті атқарыла­тын құлшылық. Нәзір малмен (садақа беру, мал сою, медресе не мешіт салу т.б.) және жанмен (ораза ұстау, кітап жазу, қайырымдылық жасау) өтеледі. Дін тарихындағы нәзірдің бір мысалы: Әли Ғымранның әйелі Хана көп жыл құрсақ көтермей жүріп, Мәрия анаға жүкті болады. Шүкірлігін өтемек үшін құрсақтағы баласын Құдайға нәзір еттім деп ниет қылады. Мәриям дүниеге келгеннен кейін Иерусалим мешітінде Зәкәрия пайғамбардың тәрбиесінде өсіп, Мәрия Нәзрәни деп аталады. Нәзір нәпіл амалдар сияқты ерікті орындалады, егер нәзір ғибадат ниет етілсе орындалуы уәжіп болады.

ТҰМАР  – зиянды тылсым күштер­ден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен «туған жер» мағынасын береді. Яғни көне түркі­лер тұмарға туған жердің топыра­ғын салып алып жүретін болған. Ислам дінінің әсері­мен, тұмарға туған жердің топырағын салу ығыстырылып, орны­на Құран аятта­ры жазылған қағаз салу белең алған. Тұмарды, әдетте, діни ғұлама­лар­ға жаздырып алып, былға­ры­мен қаптап алып, тағып жүреді.

ТЫЙЫМ — жаман, жағымсыз істен аулақ болуды талап ету. Тыйым — тәр­бие­нің басты тірегі. Кейде тыйым жаза­лаудың бір түрі болып та табы­лады. Діни наным-сеніммен байла­ныс­ты қазақтың көптеген тыйым сөздері бар. Ол сол сөздерді қолдану арқылы баланы жаман әдеттерден сақ болуға баулудан туған.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 




Көрілген: 1252    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2013, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30