Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ырым-тыйымдарының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.


• Қазанды есік жаққа қаратып қисай­­та аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамда­на­ды» деп ырымдайды.

• Шәугімнің шүмегін ошақтың аузы­на қаратып аспайды. Шай тасыса, үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырым­далады. «Тұз – астың иманы, қыз – үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ – қыздан. Тұз шамданса, қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.

• Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ құйып шығарып жібереді. Себебі кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шар­лай­ды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе, қуып жүріп өлтіреді. Себебі оны қастық жасайтын қара бас, шұбар төс дұшпан деп.

• Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт-борт жел шы­ғар­са, сапар нышаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе – жақсылық ны­шаны. Жолға жүргелі тұрған ат құмалақ тастаса – жолдың оңға бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмай­ды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп тазалайды. Онысы – сайтан аттың көзін басып тұр­са, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атының сауыры­нан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі жа­пан­да жалғыз өзі келе жатқан жолаушы­ны қолдап жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жориды.

• Әдетте, бұта, бүрген, ши түбіне сари­тын ит үй іргесіне сарыса, «құт құй­ды» деп ырымдайды. Қазақ ырымын­да ит жеті қазынаның біріне қосылады.

• Ит аспанға қарап ұлыса, сол шаңы­рақ иесінің өліміне көрінеді деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті қарғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең қазып  көміп тастайды. Үстіне жеті адам қара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы – иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені.

• Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан қорғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигі­зеді, жаудың келіп қалғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық «күлден басқа бермеді, тозақ отына күйдір» деп иесіне опасыздық етеді екен. Ит құйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.

(Жалғасы келесі санда)


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062




Көрілген: 1442    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2013, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30