Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Күнделікті өмірде көп кездесетін бірқатар тыйымдар мен ырымдарды ұсынбақпыз.


Үй тұрмысына қатысты тыйымдар

•  Үйге кіргізілген отынның арты­ғын шығарып тастамайды.

•  Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл «жамандықты шақыр­ма» дегенді  білдіреді.

•  Шәугім, аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе ке­миді.

•  Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген ниет­пен туған.


Жол жүруге қатысты тыйымдар

•  Сейсенбі күні алыс жолға шық­пайды.

•  Жүкпен жолға шыққанда тұз алмайды.

•  Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Құдай қаласа» деп тілегенде, жол бойындағы кедергі­лердің бәрі алыстатылады.

•  Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-баба аруақтары  шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.

Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.


Сүт тағамдарына байланысты

•  Тойға қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбін­де міндетті түрде бір ожау қымыз қалуы керек.

•  Сауылған сүтті ашып тастауға болмайды.

•  Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. Сүт сауатын шелекті су басы­на апармайды, құты кетіп қалады.


Отқа қатысты тыйымдар

•  Отты шашуға, атуға, басуға болмайды. Отбасының берекесі кетеді.

•  Отқа түкірмейді.

•  Отты су құйып өшірмейді, өйткені қайта тұтатуға қиын болады.

•  Түнде күл шығармайды.

•  Күл төгілген жерді баспайды. Себебі барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіне әкелгенмен бірдей.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 (727) 3 888 062 




Көрілген: 1310    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2013, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30