Думан

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың ырым-тыйымдары мен салт-дәстүрлерінің мағынасын, оны айту тәсілдерін біле бермейтін қандастарымыз баршылық.


БАТА БЕРУ — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде қол жайылып, бата беріледі. Сондай-ақ алыс сапарға шыққан, күрделі жұмыс бастаған азаматына бата беру – халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда медет беріп, әрбір іс-әрекетіне даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілермен қатар, бақилық болған аруақтарға да жасалады. Сондықтан біздің қазақ батасыз, тілексіз өмір болмайды деп түсінеді. «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп халқымыз текке айтпаса керек. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай да бата түр-түрге бөлінеді.

Мәселен, нәресте қырқынан шық­қанда ауыл ақсақалы немесе өз атасы бүкіл ауыл адамдарын үлкен дастарқан басына шақырып, мына батаны берсе болады:

А, кұдай, жас нәрестеге ұзақ ғұмыр бер!

Жас нәрестенің күлкісі бұлақтай болсын,

Ойыны секірген лақтай болсын.

Алла қолдап, қыдыр дарысын,

Бақ пен дәулет басына қатар қонсын!


Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделген бата халқы­мыздың жақсылық пен жаман­дық, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.


Құрметті оқырман!

Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!


Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 




Көрілген: 1720    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2013, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Желтоқсан 2013
    Жаңажылдық бата
    25 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    24 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    20 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    19 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    13 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    12 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    11 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    10 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    6 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    5 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    4 Желтоқсан 2013
    Анығы – осы
    30 Қараша 2013
    Роза ӘЛҚОЖА
    29 Қараша 2013
    Анығы – осы
    28 Қараша 2013
    Анығы – осы
    27 Қараша 2013
    Анығы – осы
    26 Қараша 2013
    Сержанали ӘЛІБЕК
    26 Қараша 2013
    Анығы – осы
    21 Қараша 2013
    Анығы – осы
    20 Қараша 2013
    Анығы – осы
    19 Қараша 2013
    Анығы – осы
    16 Қараша 2013
    Анығы – осы
    15 Қараша 2013
    Анығы – осы
    14 Қараша 2013
    Анығы – осы
    13 Қараша 2013
    Анығы – осы
    12 Қараша 2013
    Анығы – осы
    8 Қараша 2013
    Анығы – осы
    7 Қараша 2013
    Анығы – осы
    6 Қараша 2013
    Анығы – осы
    5 Қараша 2013
    Анығы – осы
    2 Қараша 2013
    Анығы – осы
    1 Қараша 2013
    Анығы – осы
    31 Қазан 2013
    Анығы – осы
    30 Қазан 2013
    Анығы – осы
    29 Қазан 2013
    Анығы – осы
    24 Қазан 2013
    Анығы – осы
    23 Қазан 2013
    Анығы – осы
    22 Қазан 2013
    Анығы – осы
    19 Қазан 2013
    Анығы – осы
    18 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Анығы – осы
    17 Қазан 2013
    Сайнхо – Алматыда!
    11 Қазан 2013
    Анығы – осы
    10 Қазан 2013
    Анығы – осы
    9 Қазан 2013
    Анығы – осы
    8 Қазан 2013
    Анығы – осы
    5 Қазан 2013
    Анығы – осы
    4 Қазан 2013
    Анығы – осы
    3 Қазан 2013
    Анығы – осы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30