Нарық

100 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үйді жалға алу үшін 80%-ға дейін субсидия алатын болды

  • 100 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үйді жалға алу үшін 80%-ға дейін субсидия алатын болды

    100 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үйді жалға алу үшін 80%-ға дейін субсидия алатын болды

100 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үйді жалға алуға 80%-ға дейін субсидия алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алу ақысын субсидиялау жоспарлануда.

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, мұндай қолдаумен 100 мыңға жуық азамат қамтылады.

"Кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу үшін "Нұрлы жер" бағдарламасында жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын 80% – ға дейінгі мөлшерде субсидиялау тетігін қарастыруды ұсынамыз", - деп хабарлады министр.

Зейнетақы қорының бір бөлігін кім қолдана алатыны белгілі болды
Атамқұлов жобаны іске асыру үшін "Нұрлы жер" бағдарламасында көзделген қаражатты жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қайта бағыттау жоспарланғанын атап өтті: бұл шамамен 90 миллиард теңге (214 миллион доллар).

Бағдарламаны іске асырумен "Отбасы банк" айналысады.

Айта кетейік, күні кеше Тоқаев жолдауда жалға берілетін тұрғын үй құрылысына арналған қаражатты азаматтардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу үшін жалдау ақысын субсидиялауға да жұмсау керектігін айтты. 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 18:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31