Нарық

140 мың салымшы зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш берген

  • 140 мың салымшы зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш берген

    140 мың салымшы зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш берген

17 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 140 941 салымшының өтініші келіп түскен.
Жалпы сомасы 496,7 млрд теңгеге жуық 92 126 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады. Арнайы шоттарға төлем алғандардың 20% жуығы Алматы қаласында тұрады, орындалған өтініштердің 17% пайызы Маңғыстау облысының тұрғындарынан, ал 16% елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілген, - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі. 
23 млрд теңгеге жуық сомаға 4 482 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 42 579 өтінім қабылданбады. Орындалған өтініштерге жасалған талдау 39% пайыз ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына бағытталғанын көрсетеді. 

Өтініш білдірген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс &ndash жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы). 

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған мақсаттар бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде орналастырылған.

BAQ.KZ




Көрілген: 2129    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 08:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30