Нарық

"200 теңгеге дейін тағы қымбаттайды": Қазақстанда бензиннің бағасы артты

  • "200 теңгеге дейін тағы қымбаттайды": Қазақстанда бензиннің бағасы артты

Қазақстанда бензин қымбаттады. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жаңа бағалармен танысып үлгерді. Мәселен, АИ-92 маркалы бензин 2 теңгеге қымбаттаса, АИ-95 5 теңгеге өскен. Ал кейбір жанармай бекеттері бағаны 10 теңгеге көтеріп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар бензиннің қымбаттауы тауарлар мен басқа да қызметтер бағасының артуына алып келмесе игі дейді. 

 
Өз кезегінде энергетика министрлігі баға мемлекетпен реттелмейтінін алға тартып, жанармай құны нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа негізделетінін жеткізді. Ал кәсіпкерлер бензиннің қымбаттауы тасымалдаушылардан отынды алу бағасының өсуіне байланыс екенін айтады. 

Сарапшы Тоқтамыс Меңдібаевтың айтуынша, жанармай бағасының артуына мұнай өндірудің азаюы әкелген. Тағы бір себеп - Еуразиялық экономикалық одақтың бензинді Ресейдегі бағамен теңестіру туралы шешімі екен. Мысалы, көршілес мемлекетте жанармай 70 теңгеге қымбат көрінеді. Сол себепті отандық өндірушілер жанармайды Қазақстанда емес, Ресейге апарып сатқанды жөн санайды, дейді маман. 

"Қазақстан Ресейдегі бағаға жақындауы қажет. Ресейде мұнай бағасы арта береді. Олар бұрынғы кен орындарында жұмыс істеуде. Бензиннің бағасының өсу жылудың, жарықтың қымбаттауына ұласады", - дейді техникалық ғылымдардың докторы, профессор Тоқтамыс Меңдібаев. 

Жылдың соңына дейін АИ-92 бағасы тіпті 170 теңгеге ұлғаюы ғажап емес. Ал АИ-95 200 теңгеге баруы мүмкін. Жанармай бағасын қаншаға дейін арттыру кәсіпкерлердің өз еркінде. Ал тасымалдаушылардың бағаны өсіруі өз кезегінде сатушылардың да бензинді қымбаттатуына әкеп соғады, деді сарапшы. 

Stan.kz




Көрілген: 1971    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.02.2021, 13:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30