Нарық

23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады

  • 23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады

    23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болады

“Қазавтожол" ұлттық компаниясы ақпараты бойынша Республикалық маңызы бар бірінші санаттығы автожолдардың 7 учаскесінде төлем жүйесінің финалдық тестілеуі аяқталды. Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Щучинск – Көкшетау бағытындағы жолдар 23 қарашадан бастап ақылы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, 15 қарашадан бастап 7 жол учаскесі бойынша бұл бастаманың сынама түрде төлем төлеу кезеңі өткізілген болатын.

 
"Көрсетілген учаскелер бойынша төлем енгізу туралы бұйрық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және 2021 жылғы 23 қарашада күшіне енді. Осы күннен бастап жолаушылардан жол жүру ақысы алынатын болады. Төлем бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады", - деп хабарлады"ҚазАвтоЖол" компаниясы.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері: 

1. "Қапшағай – Талдықорған", 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.

2. "Тараз – Қайнар", 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ а.), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан. 

3. "Шымкент – Қызылорда", 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан а.); Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан. 

4. "Шымкент – Тараз", 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат а.), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан. 

5. "Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан. 

6. "Нұр-Сұлтан – Павлодар", 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды а.), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан. 

7. "Нұр-Сұлтан – Павлодар", 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет а.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан. 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31