Нарық

5 мың теңге: Елорда әуежайы көлік тұрағындағы тарифтердің өсуіне қатысты түсінік берді

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов әуежай алдына қысқа уақытқа көлікпен тоқтау тарифінің өсуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 

Хабарламада тариф 5 мың теңге болғаны туралы ескерту айтылған.

 

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аталған хабарламаны қарастырып, тұрақ қызметі үшін тарифтің 5000 теңгеге дейін артуына қатысты ақпарат қисынсыз екенін мәлімдейді. Әуежай жолаушыларды қарсы алатындар мен шығарып салатындарға қолайлы болуы мақсатында ғимарат алдындағы алаңда жолаушыларды жылдам түсіру немесе отырғызу үшін ақысыз негізде 15 минутқа тиісті орынды ұсынады. Осы орайда бұл орын ұзақ уақытқа арналған тұрақ болмағандықтан, осы жолақта ұзақ аялдағандар үшін 5 000 теңге сомасында айыппұл белгіленді», &ndash деді халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

 

Оның айтуынша, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған әуежай маңындағы жолақ автотұрақ болып саналмайды.

 

Сонымен қатар А. Шалекенов әуежай автөкөлікті тұраққа қою үшін баламалы алаңдарды ұсынатынын атап өтті.

 

 




Көрілген: 1947    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 00:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30