Нарық

Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады

  • Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады

    Halyk Bank зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шарттарын атады

Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шотты ашу бойынша екінші оператор атанды
 Halyk Bank (Халық банкі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша өкілетті оператор атанды. Алайда жинақты тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ғана алуға болады.

Банк клиенттері біржолғы зейнетақы төлемін аударуға арналған арнайы шотты Halyk Homebank қосымшасында онлайн аша алады. Шотты ашу &ndash зейнетақы төлемін алудың бірінші шарты, деп мәлімдеді Halyk Bank баспасөз қызметінен.

Екінші қадам &ndash өтінім рәсімдеу, ол кейінірек іске қосылады.

Біржолғы зейнетақы төлемінің операторы ретінде Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-дан төлем аудару үшін арнайы шоттарды ашу және жүргізуді жүзеге асырады:

бір банктік қарыз шарты аясында баспана (жөндеуімен қоса) сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарна енгізу жолымен;
бір банктік қарыз шарты аясында баспана (жөндеуімен қоса) сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті жартылай немесе толық өтеу;
ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.
"Біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім Halyk Homebank қосымшасында Қазақстанның өкілетті мемлекеттік органы/лауазымды тұлғасы біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану ережелерін бекіткеннен кейін, сондай-ақ, банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойып, техникалық тұрғыдан дайын болғаннан кейін ғана қолжетімді болады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Halyk Bank арқылы зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға болатыны хабарланды. Ал бұрын біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша тек бір ғана оператор &ndash "Отбасы банк" болған еді.
 
 




Көрілген: 1981    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31