Нарық

Talgo-ға қатысты кезекті дау: Жолаушылар артық төлеген қаржыны қайтарып алады

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Көп жылдар бойы пойыздар жолаушыларын төсек-жабдықпен қамтамасыз етіп келген компаниямен "Жолаушылар тасымалы" АҚ келісімшартты бұзды.

Алайда, оның орнына келген жаңа компания тасымалдау операторын жерге қаратып отыр. Соның кесірінен "Жолаушылар тасымалы" АҚ 1-20 қараша аралығында стандартқа сай көрпе-жабдықпен қамтамасыз ете алмағаны үшін жолаушыларға артық ақшаны қайтарып беретін болды.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланған.

Бір қызығы, бұл жайттың алдын алуға болатын еді. Алайда, кәсіпкер Асқар Омаровтың айтуынша, "Жолаушылар тасымалы" үнемдеудің орнына, керісінше, қыруар шығынға батып келеді.

Жолаушылар пойыздарына төсек-жабдық жеткізіп отырған "Ас-Ай" компаниясы осыдан бес жыл бұрын тендерде жеңімпаз атанған. Алайда, "Жолаушылар тасымалының" оны жақындатқысы жоқ. Пайдадан айырылған "Ас-Ай" ЖШС қарап қалмай, тасымалдау компаниясын бірнеше рет сотқа беріп, барлығында да жеңіске жетті. Сот шешімдері бар. Өндірілмеген пайданы жауап беруші төлеп келеді. Соған қарамастан, "Ас-Ай" компаниясы "Жолаушылар тасымалы" тарапынан олқылықтар барын алға тартып отыр.

Бүгінде төсек-жабдық үшін тасымалдау операторы бір компанияға ақша төлеп отыр. Ол компания міндеттемені уақытында орындай алмады. Бұл туралы ресми сайтта хабарлама жарияланды. Ал біз сот шешімімен айырылған пайданы өндіріп алып отырмыз. Сонда, "Жолаушылар тасымалы" екі мәрте шығынға батып отыр емес пе?, - дейді Асқар Омаров.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл олқылық бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

Біз заңды тендер жеңімпазымыз. Алайда, тасымалдау мекемесі басқаға басымдық беріп отыр. Онсыз да шығынға ұшырап отырған теміржол саласы одан сайын артық шығын төлеп келеді. Мұның барлығы басшылықтың дұрыс жұмыс жасамауынан. Осындай жағдайға жеткізіп алған соң, тіпті "Жолаушылар тасымалы" компаниясына неміс азаматын басшылыққа тағайындады. Әліптің артын бағамыз. Алайда, мен президент Тоқаев пен "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ Президенті Мыңбаевқа хат жазамын. Мұндай бассыздықты болдырмау керек, - дейді Асқар Омаров.

Вaq.kz

 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.11.2019, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31